З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет39/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97
Байланысты:
академ жазба

7.1.3 Салыстыру эссесі
Салыстыру эссесі екі жағдайдың немесе екі заттың ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын түсіндіру үшін жазылады. Кейде ол «Салыстырмалы 
немесе кереғар эссе» деп аталады. Ұқсастықтарын түсіндіру дегеніміз – сәйкес 
келетін, бірдей және біртектес жақтарын сипаттау, ал айырмашылықтарын 
(кереғар жақтарын) түсіндіру дегеніміз – ерекшеліктерін, ұқсас емес 
жақтарының бар екенін көрсету. Бұл эссе түрі академиялық жазылым 
барысында кеңінен қолданылады.
Салыстыру эссесін жазудың негізгі
мақсаты 
– қарапайым сипаттау немесе түсіндіру түрінде емес, мәтін идеясын 
сыни тұрғыда байланыстыра білу және талдау жасалынып отырған жайтты 
жан-жақты қарау, салыстыру арқылы өзара байланысын анықтау мен олардың 
маңыздылығын көрсету. Сондай-ақ бұл бағытта қойылатын сұрақ түрлері де 
көп кездеседі. ЖОО-да жазылатын салыстыру эссесі екі теорияның, екі 
әдістің, екі тарихи кезеңнің немесе көркем шығармалардағы екі кейіпкердің 
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру үшін тапсырма ретінде 
берілуі мүмкін. Салыстыру эссесінің тақырыбы мынадай болып келеді: 
Ньютон мен Эйнштейннің тартылыс теориясы жөніндегі идеяларының 
ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 
Салыстыру эссесі сәтті жазудың келесі жолы
– оның құрылымын 
дұрыс жоспарлай алу. Эссені бастамас бұрын тақырыпқа қатысты шағын 
тұжырымдарды жинақтап, негізгі деген ойларды жүйелеп алған дұрыс. 


77 
Салыстыру үшін Венн диаграммасын қолданып, ортақ және ұқсас емес 
жақтарын ажыратуға болады. Салыстыру эссесінің құрылымы бөлім немесе 
тізбек түрінде жазылуы мүмкін. 
Салыстыру эссесінде салыстырмалы шырай жиі қолданылады. Себебі 
эсседе ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білдіретін сөздер мен тіркестер 
арқылы салыстыруға алынып отырғандар нысандар сипатталады. 
Ұқсастықтарын баяндау үшін қолданылатын сөздер: 
Сонымен қатар ... ... ... . 
... ... ... ұқсас/ұқсайды. 
... ... ... бірдей. 
... ... ... қатар қолданылады. 
... ... ... салыстырсақ, ... ... ... айырмашылық/ерекшелік жоқ. 
... ... ... өзгешелігі байқалмайды. 
... ... ... қызметтері бірдей. 
Айырмашылықтарын баяндау үшін қолданылатын сөздер: 
Дегенмен ... ... ... . 
Бірақ ... ... ... . 
... ... ... салыстырып қарағанда ... ... ... . 
... ... ... айтарлықтай айырмашылық бар. 
... ... ... ерекшеліктері өте көп. 
... ... ... айырмашылықтарын/артықшылықтарын көруге болады. 
... ... ... салыстыруға келмейді. 
... ... ... әлдеқайда ... ... ... . 
Басқаша қырынан қарастырсақ, ... ... ... . 
Керісінше ... ... ... . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет