З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет69/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97
 
 
 


140 
Аnnоtаtіоn 
Tоріс: Dеvеlорmеnt оf а systеm fоr rесоgnіzіng fіrе sіgns usіng аrtіfісіаl 
іntеllіgеnсе. 
Thе thеsіs соnsіsts оf аn іntrоduсtіоn, fіvе сhарtеrs, а bіblіоgrарhy аnd аn 
арреndіx. 
Іn thе іntrоduсtіоn, thе rеlеvаnсе оf thе сhоsеn tоріс іs justіfіеd, thе gоаls 
аnd оbjесtіvеs оf thе study аrе stаtеd. 
Thе fіrst сhарtеr іs thе аnаlysіs sесtіоn. Іn thіs сhарtеr, wе lооkеd аt hоw 
аrtіfісіаl іntеllіgеnсе wоrks. Іn аddіtіоn, wе hаvе аnаlyzеd thе struсturе оf thе 
wоrk оf аrtіfісіаl іntеllіgеnсе. 
Іn thе sесоnd сhарtеr, thе rесоgnіtіоn systеm іs dеvеlореd. Іn thіs сhарtеr, 
thе раrаmеtеrs, struсturе аnd аrсhіtесturе оf thе rесоgnіtіоn systеm аrе dеsсrіbеd. 
Thе thіrd сhарtеr іs thе сhарtеr оn іmрlеmеntаtіоn аnd tеstіng. Thіs sесtіоn 
dеsсrіbеs thе іmрlеmеntаtіоn, tеstіng аnd rероrtіng рrосеss оf thе sоftwаrе. 
Іn thе fоurth аnd fіfth сhарtеrs, thе sесtіоns оn есоnоmісs аnd lіfе sаfеty аrе 
dеsсrіbеd. 
Іn соnсlusіоn, thе mаіn соnсlusіоns оbtаіnеd аs а rеsult оf thе study аrе 
gіvеn 
Thе tоtаl аmоunt оf thеsіs іs 65 раgеs. 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. 
Жоғарыда 
берілген 
аңдатпаларды 
салыстырыңыз. 
Артықшылығы мен кемшілігін анықтаңыз. 
2-тапсырма. Дипломдық жобаңыздың тезисін жазыңыз (материал 
таңдау, тақырып қою, өзектілігі мен мақсатын, нәтижесін жазу, 
пайдаланылған әдебиеттер тізімін беру). 
3-тапсырма. Кестеде берілген мәтін түрлерінің қайсысына аңдатпа жазу 
қажет немесе қажет емес екендігін анықтаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз. 
№ 
Мәтін түрлері 
Аңдатпа 
қажет 
Аңдатпа қажет 
емес 

Көркем шығарма 

Ғылыми мақалалар 

Публицистикалық мақалалар 

Ғылыми конференция мақалалары 

РhD және магистрлік диссертациялар

Оқу құралындағы бөлімдер 

Шағын эссе 


141 
4-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
1. Тезисті мақалаға немесе баяндамаға айналдыруға бола ма? 
2. Тірек сөздерді негізге ала отырып, мақала жазуға бола ма? 
3. Тірек сөздерді берудің маңызы қандай? 
4. Аңдатпаны жазу барысында қандай талаптар басшылыққа алынады? 
5-тапсырма. Аңдатпада қолданылатын қалыпты тілдік қолданыстарды 
және жоғарыда берілген үлгілерді негізге ала отырып, өзіңіздің дипломдық 
жобаңызға аңдатпа жазыңыз. 
бірінші 
дипломдық жобаның 
екінші 
тарауында 
монографияның
үшінші 
бөлімінде 
оқулықтың (оқу құралының) 
аталған (атаулы) 
осы 
дипломдық жобада теориялар, принциптер, нәтижелер т.б. 
талданған 
монографияда 
ережелер, идеялар, көзқарастар т.б. 
баяндалған 
оқулықта 
жиынтығы, әсері, қолданысы т.б. 
зерттелген 
оқу құралында 
заңдылықтар, ерекшеліктер, фактілер т.б. сипатталған 
жұмыста 
есептеулер, сипаттамалар т.б. 
келтірілген 
жинақта 
бағыттар, мәліметтер, мәселелер т.б. 
қарастырылған 
зерттеулер, талдаулар т.б. 
ұсынылған 
6-тапсырма. Зерттеу жұмысыңыздың тақырыбы бойынша тірек сөздерді 
анықтаңыз. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Тезистің түрлерін атаңыз, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіз. 
2.
Ғылыми жұмыстардың мазмұны, құрылымы мен ресімделуіне 
қойылатын талаптар. 
3.
Мақаланың жанрлық ерекшеліктері.
4.
Аңдатпа және оны жазу жолдары.
5.
Мақаланы ресімдеуге қойылатын халықаралық талаптар.
6.
Республикалық, халықаралық конференциялар жинақтары.
7.
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету 
комитеті (БҒССҚК) ұсынған журналдар тізімі. 
8.
Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) ұсынған журналдар тізімі. 
9.
Рецензияланған әдебиеттің ең ірі реферативтік және анықтамалық 
деректер қоры (Sсорus) ұсынған журналдар тізімі. 
 


142 
 Біліміңізді тексеріңіз! 
1. Қай мақалада эксперимент жүргізу әдістері немесе зерттелетін 
құбылысты бақылау құралдары мен оларды тіркеу тәсілдері сипатталады? 
а) ғылыми-практикалық
b) ғылыми-әдістемелік
с) ғылыми-теориялық
d) публицистикалық
е) аксиоматикалық 
2. Қай мақалада ғылыми немесе қолданбалы міндеттерді шешуге 
мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдер, құралдар мен үдерістерге шолу жасауға 
арналады? 
а) публицистикалық
b) ғылыми-практикалық 
с) ғылыми-теориялық 
d) ғылыми-әдістемелік 
е) аксиоматикалық 
3. Қай мақалада зерттеліп отырған мәселенің заңдылығын түсіндіруге 
арналады? 
а) 
ғ
ылыми-теориялық 
b) ғылыми-әдістемелік 
с) ғылыми-практикалық 
d) публицистикалық 
е) аксиоматикалық 
4. Мақаланың тақырыбына қойылатын негізгі талапты көрсетіңіз. 
а) тезистің көлеміне мән беруді ұмытпаңыз 
b) мазмұндау сауаттылығы 
с) ақпарат көзіне сілтемелер 
d) әрбір пайымдау қысқа әрі нұсқа болуы керек 
е) қысқалық және анықтық
5. Мақаланы жазған кезде ойыңызды анық көрсетіп, мақаланың 
логикалық құрылымын анағұрлым көрнекі қылу үшін қандай фразаларды 
қолдануға болады? 
а) жоғарыда айтылғандарды ескере келе, осыған сәйкес 
b) деседі қариялар, тәуба жасайсыз 
с) болып өтті, бақ сынасты 
d) білімін көрсету, өз ойын дәлелдеу 
е) үміткерлер қатысты, білім додасы 


143 
6. Тірек сөздер не үшін қолданылады? 
а) мақалаларды басу үшін 
b) мақалаларды жариялау үшін 
с) мақалаларды жүйелеу үшін
d) мақалаларды шығару үшін 
е) мақалаларды қаржыландыру үшін 
7. Тірек сөздер жиынтығын қалай дұрыс құру керек? 
а) мақаланың барлық терминологиялық қорын қамтуы керек 
b) мақаланың өзектілігін көрсетуі шарт 
с) мақаланың жаңалығын жазуы тиіс 
d) мақаланың практикалық маңыздылығын айтуы қажет 
е) мақаланың мақсатын білуі керек 
8. Еңбектің мазмұны, оның авторы, еңбектің жетістіктері туралы 
баяндайтын бөлім қалай аталады? 
а) аңдатпа мәтіні 
b) библиографиялық сипаттау 
с) тірек сөздер 
d) баяндама 
е) тезис 
9. Аңдатпаның негізгі қызметін көрсетіңіз. 
а) мәтіннің көлеміне байланысты 10-15 сөз қолданылады
b) ғылыми мәтіннің негізгі мазмұнын белгілеуге, оның өзектілігін 
айқындауға мүмкіндік береді 
с) негізгі терминдермен қоса күрделі терминдер де қолданылады 
d) мақала мазмұнын ашатын негізгі сұрақтар қойылуы керек 
е) мақала тақырыбы, оның негізгі ойы мен идеясын айқындап тұруы 
керек 
10. Шетелдік ғалымның сіздің өз тіліңізде жазған мақалаңыздың 
мазмұнымен қысқаша танысуына мүмкіндік беретін не? 
а) ағылшын тілінде сапалы жазылған аңдатпа 
b) қазақ тілінде сапалы жазылған аңдатпа 
с) орыс тілінде сапалы жазылған аңдатпа 
d) ұйғыр тілінде сапалы жазылған аңдатпа 
е) өзбек тілінде сапалы жазылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет