З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


 Рефератты орындауға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет72/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97
Байланысты:
академ жазба

11.1.4 Рефератты орындауға қойылатын талаптар 
Реферат ғылыми жұмыс болып табылады, себебі онда ғылыми 
зерттеудің элементтері болады. Осыған байланысты рефератты ресімдеуге де 
басқа ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар міндетті болып табылады. 
Барлық ғылыми жұмыстарды ресімдеу ережесі білім және ғылым саласы 
үшін стандартты болып табылады және мемлекеттік стандарттармен 
реттеледі. Рефераттар үшін мынадай талаптар орындалуы керек: жалпы 
талаптар, сілтеме беру ережесі, сілтемелерді дұрыс әрі анық ресімдеу, 
библиографиялық тізім, қысқарған сөздер мен атауларды дұрыс қолдану. 
Аталған ережелерді бірден есте ұстаған жөн. 
Рефератты ресімдеу ережелері. 
Реферат мазмұнын ресімдеген кезде 
жоғары оқу орнының, жоғары мектептің (институттың), кафедраның толық 
атауы, реферат тақырыбы, автор мен жетекшінің аты-жөні, қала және реферат 
жазылған жыл көрсетілетін жұмыстың титулдық парағынан басталатынын 
естен шығармау қажет. Екінші беттен бастап беттер нөмірленіп, рефераттың 
мазмұны жазылады. Рефераттың жалпы көлемі 15-20 беттен аспауы керек. 
Азат жол 1,25 см болуы тиіс. Парақтың жиегі: сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 
см, жоғарғы және төменгі жақтары – 2 см болуы керек. Реферат мәтіні 
Mісrоsоft Wоrd редакторында теріліп, Tіmеs Nеw Rоmаn шрифтін қолдану 
ұсынылады. Шрифт мөлшері – 14 пт. Рефераттың кез келген құрылымдық 
бөлігі (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жаңа беттен басталады. Тақырыптан 
кейін нүкте қойылмайды, асты сызылмайды. Рефераттың титулдық парағы 
рефераттың жалпы бет санына кіреді, бірақ титулдық парақ нөмірленбейді. 
Әдебиеттер тізімі. 
Әдебиеттер тізімін құрған кезде жалпыға ортақ 
қабылданған стандартты ұстану керек. Әдебиеттер дереккөзі мемлекеттік 
стандартқа сәйкес ресімделеді. Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі 
сілтеме жасау тәртібіне қарай орналастыру керек және нүкте қойылмаған араб 
цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек. Пайдаланылған 
дереккөздерге жасалған сілтеме төртбұрышты жақшаның ішінде көрсетіледі. 
Рефераттағы әдебиет тізімінің саны – 4-12 болуы керек. Әдебиет тізімінде 
көрсетілген жұмыстар соңғы 5-10 жылда жарық көрген жаңа жұмыстар болуы 
қажет. Ескі дереккөздерді өте қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. 
Библиографиялық жазбалар түпнұсқа тілінде келтіріледі. Пайдаланылған 
әдебиеттің авторы, жұмыстың атауы, қаласы, баспасы, жылы, жалпы бет саны 
көрсетіледі. 


147 
11.2 Баяндама 
Баяндама 
– белгілі бір тақырыпқа ауызша хабарлама жазу. Ол семинар 
сабағында, ғылыми конференцияда т.б. оқуға арналған еңбек түрі. Ғылыми 
зерттеу негіздері және академиялық жазылым пәні бойынша студенттердің 
баяндамалары студенттің өзіндік жұмысы ретінде қабылданады. Ғылыми 
конференцияда баяндамамен (хабарламамен) сөз сөйлеу курстық жұмыс үшін 
есепке алынуы мүмкін. Баяндама мәтіні реферат сияқты немесе презентация 
түрінде ресімделеді және оқытушыға белгіленген мерзімде тапсырылады. 
Баяндаманы дайындау кезінде сөз сөйлеуге берілген уақытты ескеру қажет. 
Сондықтан баяндаманы таныстырмас бұрын, алдын ала мұқият дауыстап 
оқып, асықпай алдын ала дайындалу керек. Егер белгіленген уақытта 
баяндаманы оқып үлгермесеңіз, онда баяндаманы қысқартып, қажет деп 
таныған бөлімдері мен қорытындыны оқып таныстыру керек. Баяндамалар, 
әдетте, үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Бірінші 
бөлімде 
тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы
негізделеді, екінші бөлімде 
негізгі ғылыми ережелер,
үшінші бөлімде 
қорытындылар мен ұсыныстар 
жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет