Пән бағдарламасының (syllabus) титул парағы



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата19.10.2023
өлшемі154,9 Kb.
#119562
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Әдебиеттер тізімі: 
(1, 2, 3, 4)
8 Тақырып.
Азия аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
 
Жоспар:
1.
Азия елдеріне жалпы сипаттама.
2.
Шетелдік Азияның географиялық аудандарға бөлінуі және олардың қысқа саяси-географиялық
сипаттамасы.
Азия елдеріне жалпы сипаттама.
 
Шетелдік Азияның саяси картасы және оның ІІ-ші Дүние
жүзілік соғыстан кейінгі колониялық империяның құлауы нәтижесінде болған өзгерістер.
Мемлекеттік құрылысы, деңгейі және экономикалық дамуы жолдары бойынша аймақтағы дамушы


елдердің типтері және денгейінің түрлері. Ұлттық капиталдың және мемлекеттік сектордың ролі.
Неоколониализм және оның Азиядағы түрлері, блоктардың қалыптасуы (СЕАТО, СЕНТО және т.б)
және олардың қайта жандану мүмкіндігі. Азия елдерінің ұлттық тәуелсіздік үшін күресі.
Шетелдік Азияның географиялық аудандарға бөлінуі және олардың қысқа саяси-географиялық
сипаттамасы. Қиыр Шығыс, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Батыс Азия (Таяу және Орталық
Шығыс).
Әдебиеттер тізімі: 
(1, 2, 3, 4)
9 Тақырып.
Африка аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
Жоспар:
1.
Африка елдерінің жалпы сипаттамасы.
2.
Табиғат ресурстары.
3.
Халқы.
4.
Шаруашылықтың жалпы сипаты.
5.
Сыртқы экономикалық байланыстары.
Африка елдерінің жалпы сипаттамасы.
 
Аумағы және географиялық орны. Аумағының құрамы,
қазіргі саяси бөлінісі. Африка мемлекеттерінің ауданы мен халқы жөніндегі негізгі мәліметтер.
Африка елдерінің халықаралық саяси аренадағы орны мен маңызы. 
Табиғат ресурстары. Континенттің табиғат зоналары мен ландшафттарды шаруашылық
тұрғыдан бағалау. Гидроэнергетикалық және отын ресурстары. Шөл зоналарды суландыру және су
мәселесі. Минералдық шикізаты. Топырақ-өсімдік зоналары, оларды шаруашылыққа
пайдаланудың мүмкіндіктері. 
Халқы. Халықтың саны мен демографиялық құрылымы. Ру, тайпалық және тіл топтары
бойынша бөлінуі. Ұлттық қалыптасу проблемасы. Нәсілдік кемсітушілікке қарсы демократиялық
күштердің күресі. Халықтың біркелкі орналаспауы. Африка халқының миграциясы. Қала және ауыл
халқы. Еңбек ресурстары және оларды пайдалану. 
Шаруашылықтың жалпы сипаты. Дүниежүзілік шаруашылықтағы Африканың орны. Бай
табиғат ресурстарын шетел капиталы тарапынан талан-таражға түсуі. Африка елдерінің төмен даму
денгейі. Африка елдерінде шетелдік капиталдың қазіргі позициясы. Мемлекеттік сектордың маңызы.
Африка елдерінің экономикалық тәуелсіздігі үшін күресі. Африканың жекелеген елдері арасында
экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктер. 
Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүниежүзілік рыноктағы Африка елдерінің үлес
салмағы. Сыртқы сауданың сипаты. Жаңа экономикалық тәртіп үшін демократиялық күштердін
күресі. Африка елдерінің сыртқы сауда байланыстарының құрылымы мен бағытындағы өзгерістер.
Африканың басты аймақтық топтары. Солтүстік, Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африка
елдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет