Пән бағдарламасының (syllabus) титул парағы



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата19.10.2023
өлшемі154,9 Kb.
#119562
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Әдебиеттер тізімі: 
(1, 2, 3, 4)
4 Тақырып. 
Елдің тарихи-географиялық даму кезеңдері.
Жоспар:
1. Елдің тарихи-географиялық даму кезеңдері.
2.
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы.
Дүние жүзінің саяси картасы – дүние жүзі елдерін, олардың басқару формалары мен
мемлекеттік құрылымын бейнелейтін географиялық карта. Саяси картада жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің пайда болуы, олардың мәртебесінің өзгеруі, мемлекеттердің қосылуы мен бөлінуі,
егемендігін алуы немесе жоғалтуы, мемлекеттердің ауданының өзгерістері, олардың астаналарының
ауысуы, мемлекеттер мен астаналар атауларының өзгерістері, мемлекетті басқару үлгілерінің
өзгерістері және т.б. басты саяси-географиялық өзгерістер көрініс табады 
Саяси картадағы өзгерістер сандық (мемлекетке жаңа жерлердің қосылуы, соғыстар
барысында жерінен айрылуы немесе керісінше жаңа аумақтарды қосып алуы, мемлекетаралық
келісімдер негізінде жер үлескілерін айырбастауы, мемлекеттердің қосылуы немесе бөлінуі, және т.б.)
және сапалық(елдің егемендігін алуы, басқару формасы мен мемлекет құрылымының,
мемлекетаралық одақтардың құрылуы және т.б.) болуы мүмкін. Қазіргі кезде сандық өзгерістер
біртіндеп азайып, негізінен саяси картаның сапалық өзгерістері жүріп жатыр. 
Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде әртүрлі фактор-ларға байланысты ұдайы
өзгеріске түсті. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды
шартты түрде 
Жаңа кезең (XVІІ ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші
дүниежүзілік соғыстан қазіргі кезге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастыруға болады.
Әдебиеттер тізімі: 
(1, 2, 3, 4)
5 Тақырып
.
Саяси және экономикалық жағдайы елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
Жоспар:
1.
Елдің саяси жағдайы елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
2.
Елдің экономикалық жағдайы елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
Жеке ел аумағы саяси, экономикалық тұрғыдан біртұтас түзілім болғанымен, оның ішкі
айырмашылықтары негізінде аймақтар (аудандар) ажыратылады. Сол себепті көптеген елдерге
аймақтық даму проблемалары тән бола-ды. Әсіресе ірі елдерде аймақтар бойынша әлеуметтік-
экономикалық дамудың әркелкілігі байқалады, бұл бірқатар елдерде аймақтарды да-мыту
концепцияларының жасалуына себепші болған. 
Аймақтық даму концепциясыныңмақсаты аймақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін
ұзақ мерзімдік басқару тетіктерін жасау, аймақ дамуын сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімдеу болып
табыла-ды. Әр елдің жеке ерекшеліктеріне байланысты аймақтық дамуының өзіндік бағыттары
болады. Соған қарамастан, аймақтардың даму концепциясының жалпылама құрылымы мен
кезеңдерін анықтауға болады. Ресей ғалымдарының анықтауы бойынша, ол негізінен төрт кезеңді
қамтиды.
1.Проблемаларды талдау: жүйелік диспропорциялар мен олардың себептерін анықтау;
дамудың басты проблемаларын, соның ішінде ел бойынша және аймақтық проблемаларды анықтау;
проблемаларды шешу жолдары мен мерзімін анықтау. 
2. Мақсаттар мен стратегияларды негіздеу: даму мақсаттарын айқындау және олардың өзара
сәйкестіктерін зерттеу; мақсаттарға жетудің жолдары, ресурстары, экономикалық және т.б. тетіктерін


талдау; дамудың басым бағыттарын анықтап, оларға ресурстарды жұмылдыру.
3.Әрекеттердің салдарларына баға беру: қол жеткен нәтижелерге талдау жасау; аумақ
проблемаларының шешілу жағдайындағы өзгерістерді анықтау; жаңа проблемалардың пайда болу
мүмкіндігін бағалау.
4.Тиімді стратегияны таңдау: ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау; даму
стратегиясының сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімделу деңгейін бағалау; дамудың кешенді сипатын
қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет