~39~
қарағанда Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек
кездеседі.
Əкімшілік
-
əміршілдік экономика.
Нарықтық экономикадағы еркін
бəсеке жəне оны тереңірек талдау құбылысы əкімшілік
-
əміршілдік экономика
теориясының пайда болуына ықпал етеді. Əміршілдік экономика теориясының
ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті
табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті
қоғамдық
-
жоспарлы реттеуімен алмастырылады».
Əкімшілік
-
əміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда
артықшылығы мынада:
ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым
құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезіңде елдің материалдық,
еңбектік жəне ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен
бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады жəне жұмылдырады.
Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік
елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде
қолданады. Айталық, екінші дүние жүзілік соғыс кезіңінде бұл гитлерлік
Германияда байқалды. Экономиканың ауқымды салалары мен барлық салалары
орталық жоспарлау жəне соғыс ұйымдарының тікелей бақылауында болды. Осы
кезеңдерде Англия мен АҚШ
-
да дəл солай жүзеге асты. Əміршілдік
-
əкімшілік
экономиканың кемшіліктері мынадан байқалады: біріншіден, барлық
шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық инстанциясы арқылы шешу
қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі
-
барынша кедергі
болып табылады. Мұндағы басты мақсат
-
жаңа өнімді шығару қажеттілігі, жаңа
техника мен технологияны ендіру. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі
жасайды. Екіншіден, кəсіп орын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы
алдында емес, жоғарғы жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді.
Сондықтан орталық ұйымдар экономикадағы тұтынушылардың қажеттілігі
туралы толық ақпарат алмайды.Осының барлығы əкімшілік
-
əміршілдік
экономиканы тиімсіз етеді жəне оны əртүрлі тапшылыққа алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: