Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет32/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

 
 
Əлемдік тарихта ақша жүйесінің келесідей типтері болған:
 
Ақша айналысы дегеніміз
 

ақша қаражаттарының белгілі бір мезгілде 
қозғалысқа түсуі. Ақша айналысы кезінде ақшалар айналыс құралы жəне
төлем 
құралы қызметтерін атқарады. Осыған байланысты ақша айналысы тауарлы 
жəне тауарсыз ақша айналымы болып екіге бөлінеді. Тауарлы ақша айналымы 

ақша қаражаттарының орнына белгілі бір тауарларды сатып алумен байланысты; 
тауарсыз ақша айналымы

ақша қаражаттарын белгілі бір төлем немесе қызмет 
түрлерін төлеумен байланысты ақшалардың қозғалысы. 
Ақша айналысы нақты жəне ақшасыз ақша айналысы деп бөлінеді. Нақты 
ақша айналысы

нақты ақшалардың қозғалысын білдіреді, яғни, банкноталар мен 
монеталардың қозғалысы; ақшасыз ақша айналымы

сатып алынған тауарлар 
мен белгілі бір қызмет түрлерін өтеу үшін бір шоттан екінші шотқа ақша 
қаражаттарын аудару.
Халық шаруашылығында есеп айырысудың 80% артығы ақшасыз ақша 
айналысы құрайды. Мемлекет үшін ақшасыз ақша айналысы тиімді себебі: ақша 
мөлшерін жеңіл анықтау; ақша қаражаттарының үнемі қозғалысын анықтау; 
айналыстағы ақша массасын анықтау артады.
Ең алғаш ақша айналысы заңын Карл Маркс ашқан. 
Ақша айналысы 
заңы
-
айналысқа қажетті ақша мөлшерін анықтайды. Айналысқа қажетті ақша 
мөлшерін мына формуламен анықтауға болады: Ақша мөлшері = сатылған тауар 
бағасының соммасы / ақшаның айналыс жылдамдығы.
 
Ақша жүйесі дегеніміз
 

ақша айналысын заңды түрде ұйымдастырып 
реттеу. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылғы 30 наурызда заңды 
күші бар «Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 
жарлығымен реттеліп ұйымдастырылды. Ақша жүйесі бірнеше элементтерге 
негізделеді:
-
ақша бірлігі

жүз тиыннан құралған бір теңге болып табылады;


~53~ 
-
ақша белгілері

1993 жылға дейін айналыста қазыналық билеттер 
болатын болса, қазіргі кезде айналыста Ұлттық банк шығарған монеталар мен 
банкноталар;
-
ақша эмиссиясы

айналысқа ақша массаларын шығару;
-
валюта курсы немесе валюта ықшамы

бір елдің валютасының екінші 
елдің валютасына
арақатынасы.
 
1993 жылғы 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті 
«Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды. 
Осы жарлыққа сəйкес:
-
1993 жылдың 15 қарашасында сағат 8.00

де Қазақстан мемлекетінде 
ұлттық валюта

теңге енгізілді;
-
1993 жылдың 18 қарашасынан бастап теңге Қазақстан Республикасында 
бірде

бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. 1 теңге 100 тиыннан 
құралды, ол қолма

қол ақша айналысында банкнота жəне майда тиындар түрінде 
жүргізілді.
Валюта 

əр елдің ұлттық ақша бірлігі. «Валюта» ұғымын үш мағынада 
қолданылады.
1.
Əр елдің ақша бірлігі жəне оның əртүрлі типтері (алтын, күміс, қағаз);
2.
Шетел мемлекетінің белгісі, шетел ақша бірлігі түріндегі несие мен 
төлем құралдары жəне халықаралық есептеуде қолданылатын

шетел валютасы;
3.
Халықаралық (аймақтық) ақша есептеу бірлігі жəне төлем құралы (евро).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет