Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет88/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Маусымдық жұмыссыздық

өндірістің кейбір салаларындағы 
өндіріс көлемінің маусымдық
ауытқуымен байланысты болады: ауыл 
шаруашылығы, құрылыс жəне
т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс 
елеулі түрде өзгеріп отырады

Циклдық жұмыссыздық
 

мұның негізін 
экономикалык құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы 
жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.
Экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу 
кезінде, азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.
Құрылымдық жəне фрикциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» 
деңгейін білдіреді. Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыс күшінің «көлеңкелі» немесе 
жасырын нарығы бар. Мысалы, ұсақ сауда жасау, егін жəне үй шаруашылығымен 
айналысу, жеке көлікпен тасымалдау, жөндеу жұмыстарын істеу, балаларды 
тəрбиелеу 
немесе 
оқыту 
қызметін 
көрсету 
сияқты 
жұмыстармен 
айналысатындар ресми статистикаға ілікпейді.
Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тəн кұбылыс болып табылады. 
Бірақ оның əр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. 
Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып кетсе нарықтық экономикаға залалын 
келтіреді. Ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына 
қолайлы жағдай жасайды.
Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты əрі үзіліссіз еместігімен 
айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі жəне бір қалыптылығы үнемі оның 
құлдырауымен қатарласып
отырады. 
Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтың қасы

себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да 
жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті жəне заңды 
үріс

Толық жұмысбастылық
кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық 
жəне құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың 
табиғи деңгейі деп аталады.
Жұмыспен толық
қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға əкеліп 
соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дəрежедегі нормасын жұмыссыздықтың 
табиғи деңгейі деп аталады. Егерде
жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи 
деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына əкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет