2023
Баяндама
Тақырыбы: Спорт психологиясының негіздері
Оқытушы: Караева Тілеужамал Наршақызы
Студент:
Сансызбай Абзал
ФОС 22-7
1: Психологияның жалпы негіздері
1. Спортшының психологиялық дайындығы
Адамды белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті
қатысуға дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз. Осы дайындық ішінде
бірқатар компонентерді атап көрсетуге болады:
олар-бұлшықеттік,
функционалды, операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке
адам психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық
жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағддайларға, мақсатқа жету
кезеңдерінде, қажеттіліктер секірулерде және құнды бағыт-бағдар қажет.
Спортшы іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Енді іс-әрекет нәтижесі де оған
риза болу, ішкі психологиялық жағдайы, адамның
қобалжулары да оның іс-
әрекет процесінде психологиялық дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-
келген іс-әрекетпен жүретін оның шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға
бағалануына, мүмкін болатын жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың
белгілі бір тобымен араласу ерекшеліктріне және қуаттылығына қатысты
болады.
2. Іс-әрекетке психологиялық дайындық
Іс-әрекетке психологиялық дайындық-әрқашан психологиялық дайындықтың
нәтижесі болады. Бірақ кейде ол бей-берекет, ұйымдаспаған түрде іске асатын
болдандықтан, онша көріне бермейді.
Адамнан ерекше жинақтылықты,
күштерін жұмылдырып, барын салуда, жоғары
шеберлікті қажет ететін іс-
әрекеттің кейбір түрлерінде психологиялық дайындық іс-әрекет барысына
дейін және сол әс-әрекет кезінде ұйымдастырылады және жоспарлы түрде іске
асырылады. Осындай іс-әрекет түрлеріне спорттық іс-әрекет жатады. Бір
кездерде спорт психологиясында негізгі мәселе-дағдылар болды. Одан кейін
50-жылдар мен 60-жылдардың басында бірінші орынға спортшы ерік-жігері
қойылды. Ал қазір міне, жиырма жылдан көп уақыттан бері, басқа көптеген
мәселелерді
артта қалдырып, психологиялық дайындық мәселесі ғылыми-
практикалық да, ғылыми зерттеу жұмыстарында да алдыңғы орынға шықты.
Спортшының психологиялық дайындығы-бұл спорттағы оқу-тәрбие
жұмыстарының үлкен бір бөлігі. Психологиялық дайындықтың түпкі мақсаты
деп, спортшы қарым-қатынас жүйесін
өзгерте отырып, жеке тұлғада спорт
үшін маңызы бар қасиеттерді қалыптастыру және жетілдіруді айтамыз.