Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Биогаз алуға арналған қондырғылар



Pdf көрінісі
бет102/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

6. Биогаз алуға арналған қондырғылар
Органикалық қалдықтардан биогаз алуға арналған қондырғыларды, негізінен, төрт
типке бөлуге болады:
-
жылу жүйесімен жəне қалдықтарды араластырғыштармен қамтылмаған;
-
жылу жүйесімен қамтылмағанымен арнайы араластырғыштары бар;
-
жылу жүйесімен жəне арнайы араластырғыштарымен қамтылған;
-
жылу жүйесімен, арнайы араластырғыштарымен жəне шіріп-ыдырау
үдерісін бақылап, басқарып отыратын жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Биореакторлар барлық биогаз қондырғыларының негізі болып табылатындықтан,
олардың конструкцияларына қатаң талаптар қойылады. Атап айтқанда,
биореактордың корпусы жеткілікті дəрежеде мықты жəне герметикалық жағынан
мығым болуы қажет. Бұлардың қабырғалары жылу сақтағыш жəне коррозияға
төзімді материалдармен қапталуы керек. Сонымен бірге, реактордың жеңіл
толтырылып оңай босатылуы мен ішкі жағының саймандарына толықтай қол
жеткізілу мүмкіндігі де басты назарда ұсталуы қажет.
Биореакторлардың пішіндері əртүрлі болуы мүмкін. Сұйық субстраттарының оңай
араластырылуы, газдардың көп жиналуы, ылғалды шығару мен субстрат бетінде
пайда болатын қоймалжың қабықшасын бұзуға ыңғайлы болуы үшін, пішіні құс
жұмыртқасына ұқсас келетін биореакторларды пайдалану қолайлырақ келеді.
Жоғарғы жəне төменгі жағы конус тəрізді сүйірленіп келетін цилиндр пішіндегі
биореакторларға да, жұмыртқа тəрізділердегі сияқты, газ жиналатын аумақтың
шағын көлемі, субстрат бетінде пайда болатын қоймалжың қабықшасының аз


172
мөлшері мен қалған қалдықтарды шығаруға ыңғайлы болуы тəн келеді. Алайда
мұндай реакторларда, сұйық субстраттарын араластыруға қажетті жағдай тудыру
мүмкіндігі аздау болып келеді. Жеке шаруа қожалықтарында жоғарыда аталған
реакторлардың шағындау түрлерін болат темірден немесе шыны пластигінен
(стеклопластик) дайындау тиімдірек келеді.
Биореакторлардың көп таралған түрлерін келесі 26-суреттен көре аламыз.
26-сурет. Биореакторлардың көп таралған түрлерінің ыдыстары (резервуарлар)
А– құс жұмыртқасына ұқсас; б– жоғары жəне астыңғы жағы конусты келген
цилиндр пішінд; в– цилиндр пішінді; г– цилиндр пішінді, екі бөлікті;,
 Д– паралелепипид тəрізді (бөлінген);,е– цилиндр тəрізді (еңкіш орналастырылған);,
Ж– жердегі траншея (қақпағымен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет