Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Аталық – донор аналығын ұрықтандыруға арналған еркек жынысты ағза. Аталық жұмыртқасы (енек)



Pdf көрінісі
бет125/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Аталық
– донор аналығын ұрықтандыруға арналған еркек жынысты ағза.
Аталық жұмыртқасы (енек)
– енек дорбасында орналасқан, домалақ немесе
сопақша пішінді, сперматозоид жəне тестестерон бөліп шығаратын аталық жыныс
бездері


249
Ауксин
(гр. auxo - өсіремін) – индол тобына жататын фитогормондар жəне
олардың туындылары: β-индолил-3-сірке қышқылы (ИСҚ), индолилмай қышқылы
(ИМҚ), нафтилсірке қышқылы (НСҚ), 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д),
жəне т. б.
Ауксотрофтық жасуша
(гр. auxo - өсіремін, trophe – қоректену) – қалыпты
(прототрофтық) жасуша қажет етпейтін, өзінің бөлініп өсуі үшін сыртқы ортаның
қосымша бір факторын талап ететін жасушалар.
Ауткроссинг
– генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктердегі
генетикалық өзгеріске (модификацияға) ұшыраған гендердің жақын маңда өсіп
тұрған жабайы туыстастарына немесе түр ішіндік топтары мен сұыптарына
спонтанды (бақылаусыз) түрде ауысып (миграция) кетуі.
Б
Бағдарламалы мұздату
(ағ. program ed freezing) – алдын ала жасалған
бағдарлама бойынша сұйық азот буын қосып немесе құрғақ мұз арқылы, арнайы
қондырғыларда жасушаларды мұздату.
Бактериофаг
– бактерияларда паразиттік тіршілік ететін вирустар.
Басымдылық
(лат. dominans – басым, үстемдік етуші) – будан жасушада не
аталық, не аналық геномының біреуінің гені экспрессияланып, қызметі белсенді
болып айқындалса, екіншісінің гомологтық гені бола тұра оның белгісі білінбейді,
яғни оның экспрессиясы өтпейді.
Беккрос
(ағ. back – кері қарай, cross - будандастыру) – қайыра будандастыру,
буданды аталық немесе аналық форманың біреуімен қайта будандастыру.
Бикс
– стерилді құрал-саймандар мен киімдерді сақтауға арналған, тығыз
жабылып, аузы тартпаланатын никельденген металдан жасалған қобдиша.
Биогаз
(гр. bios – тіршілік, ағ. biogase) – субстраттың анаэробтық ашуы
нəтижесінде түзілетін газ, ол негізінен метаннан (60%), көмірқышқыл газдан (35-
40%) жəне басқа газдардың аз мөлшерінен: күкірт, сутегі (2%-ға дейін) тұрады.
Биоқауіпсіздік
(гр. bios - тіршілік) – табиғи немесе гендік инженериялық
түрлендірілген биологиялық нысандарда жəне олардан алынған өнімдерде болатын
улы жəне аллергиялық заттар мен қосылыстардың зиянды, өмір мен денсаулыққа
қауіпті əсерінен адам, қоғам, өркениет жəне қоршаған ортаның қорғалу күйі.
Биомасса
– беттің бірлігіне немесе тұрған жерінің көлеміне сай бір түрдің
дараларының, түрлер тобының немесе толық қауымдастықтардың жалпы массасы.
Биореагенттер
– жасуша ішінде, немесе сыртында өтетін əртүрлі үдерістерге
химиялық реагенттер ретінде пайдаланылатын, тірі жасушалардың өнімі болып
табылатын химиялық қосылыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет