Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет127/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Будан цитоплазмалық (цибрид)
(ағ. hibrid cytoplasmic) – аталық жəне аналық
ретінде қосылысқан жасушалардың тек қана біреуінің ядросын (ядролық гендерін)
қабылдаумен қатар екеуінің де, немесе баламалы біреуінің ғана цитоплазмалық
гендерін бойына дарытқан будан жасуша.
Будан ядро
(ағ. hybrid nucleous) – аталық жəне аналық ретінде қосылысқан
жасушалардың екеуінің де бүкіл гендерін (геномдарын) толығымен иемденген
будан жасушаның ядросы.
Будан ядролық (нағыз будан)
( ағ. hibrid nuclear (hibrid true) – аталық жəне
аналық ретінде қосылысқан жасушалардың екеуінің де тек қана ядролық гендерін
(геномдарын) қабылдаған будан жасушаның ядросы.
В
Вегетативтік жасуша
(лат. vegetativus - өсімдік) – жаңадан өсіп келе жатқан
тозаңның ішіндегі үш жасушаның бірі, ол тозаң түтігін түзеді, бірақ ұрықтану
үдерісіне өзі тікелей қатыспайды.
Вектор –
(лат. vector – алып жүруші) белгілі организмде дербес
репликацияланушылық қабілеті бар, сонымен бірге оған бөгде ДНҚ-ның енуіне
кедергі келтірмейтін, ДНҚ-ның шағын молекуласы (мысалы фаг, плазмидалар мен
вирустар). ДНҚ молекуласын векторсыз, мысалы, бактериялық жасушаға енгізсе,
онда оларды бактериялық ферменттер ыдыратып жібереді. Транспозоны бар фагтар
мен плазмидалар реципиенттік жасушаларға кіре алады.
Виварий –
зертханалық хайуандар ұсталатын жай.
Вируленттік
(лат. virulentus – улы, ағ. virulent) – микроорганизмдердің ауру
тудырғығыштық қабілеті.


251
Вирусты айқындаушы өсімдіктер
(ағ. indicator plant) – вируспен
зақымданған өсімдіктен алынған шырынды жапырақ бетіне тамызғанда, сол
шырында вирустар бар екендігі туралы арнайы сезімталдық реакция арқылы белгі
беретін өсімдіктер (жұққан вирусқа тəн морфологиялық өзгерістер тез арада айқын
көрінеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет