Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет92/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Жасанды гибридизациялау əдістері.
Қазіргі кезде ғылымда қолдан
ұрықтандырудың келесідей əдістері қолданылады:
1.
Агрегациялық əдіс
. Бұл əдісті 1961-1962 жылдары Тарковский (Польша)
жəне Минц (США, Филаделфия) екеуі бір кезде ұсынған. Аталған əдіс бойынша
ұрғашы донор жатырынан 8-бластомер кезеңіне (стадиясына) дейін бөлінген, əр
түрге жататын хайуандардың (мысалы, қара жəне ақ түсті тышқандар) ұрық
жасушасы сорылып алынып, олардың агрегациялануына жағдай жасалынып, 16
жасушалы ұрықтың дамуына дейін ұсталады. Құрамында осындай əртүрлі гені бар
ұрық жасушалары
in vitro
жағдайында бластоцит кезеңіне дейін жетілдіріліп, алдын-
ала тиісті гормондар егу арқылы «жалған» буаздық реакциясы шақырылған,
реципиент аналықтың жатырына салынады. Соның нəтижесінде ұрпағында
аллофенді тышқандар туылады. Мұндай тышқандардың жүні ата-анасындай
біріңғай қара немесе ақ түсті болып келмей, ұзын жолақты ақ-қара түстерден
тұрады. Бұл алынған хайуанның мозаикалық-химерлі екендігін көрсетеді. Сыртқы
жағдайда білінбегенімен, олардың ішкі ағзасында орналасқан ұлпалары да
мозаикалық құрылымда болып келеді. Мұнда негізгі айырмашылық ақуыз
түрлерінде болуы мүмкін, өйткені олар ата-аналарындағыдай белгілі бір катализдік
қызмет атқаратын ферменттер болғанымен жəне құрылымы жағынан ұқсас
келгенімен, дəл сондай болып қайталанбайды. Мұндай ақуыздар изоферменттер деп
аталады жəне бұларды электрофорез арқылы бөліп алуға болады. Агрегациялық


154
химерлерді тек қана екі эмбриондар арқылы ғана емес, бірнеше жекеленген
бластомерлер немесе эмбриондардың бөлшектері арқылы алуға да болады. Бұл
əдістің негізгі артықшылығы ретінде, арнайы хирургиялық операциялардың
жүргізілмеуі себепті, эмбриогенетикада кеңінен қолданылуын айтуға болады.
2.
Инекциялық əдісті
1968 ж. Р. Гарднер ойлап тапқан. Мұнда бластоцит
кезеңіндегі эмбриондар пайдаланылады. Алғашында бластоцитті бекітеді, сонан соң
өте кішкене микроқондырғыларды пайдалану арқылы донордың ішкі бластоцит
жасушасын эмбрион-реципиент бластоцельіне енгізеді. Осындай жолмен өте ерте
мерзімдегі эмбриондардың ішкі жасушаларын ендірумен бірге, кешірек мерзімдегі
мамандандырылған жасушаларды да егуге болады.
Инекциялық əдіс əр түрге жататын жануарларды жұптап, химерлі
жануарларды алуда кеңінен пайдаланыла бастады. Ең бірінші түр аралық химерлі
хайуан табиғи жағдайда өзара көбеймейтін жақын екі түрге жататын M. Muskulus
жəне M. caroli тышқандарын шағылыстыру негізінде алынған. Осы жұмыс
барысында тек қана бластоциті пайдаланылған түрдің – реципиент аналығының
жатырына ендірілген химерлік эмбрионы өсіп-дамитыны анықталған. Мысалы, M
Muskulus бластоцитіне M. Karoli эмбрионынан алынған жасуша ішіндік заттары
егіліп, ол M. Muskulus жатырына егілген жағдайда пайда болған химерлі хайуан
жақсы дамиды да, керісінше, ол M. Karoli аналығына ендірілген жағдайда – ұрпақ
екі аптадан соң өліп қалатыны анықталған.
3.
Түр аралық агрегациялық əдісі
арқылы химерлі хайуандардың жаңа
қалыптасқан ұрықтары (зародыш) тек 1970 жылдары, жай тышқан мен көртышқан
жасушаларын қосу жолымен алынған, ал бірінші тірі химерлі ұрпақты 1973 ж. Р.
Гарднер мен М. Джонсон деген ғалымдар алған. Осы жұмыстар барысында,
агрегациялық əдіс арқылы, ірі қара малдарының химерлі ұрпақтарын алу мүмкін
емес екені анықталған. 1984 ж. бір кезде Англия мен ФРГ мемлекеттерінде қой мен
ешкі арасындағы химерлі ұрпақ –
козран
алынған. Табиғи жағдайда ешкі мен қой
ұрықтана алмайды, себебі олардағы хромосомалар саны əртүрлі; ешкіде 2n =60, ал
қойда 2n = 54 хромосомалары болады. Германия мемлекетінде 1985 ж. 32
жасушалық эмбрионның жартысын агрегациялық əдіс арқылы өңдеу жолымен
швидтік (қоңыр) жəне голштино-фриздік (қара-ала) сиыр тұқымдарының химерлік
бұзаулары алынған. Бұзаудың фенотипінде ата-аналарының екі түсі де көрініс
берген.
Қытай аграрлық университетіне қарасты мемлекеттік агробиотехнологиялық
зертханасының ғалымдары (Нин Ли) адам генін сиыр эмбрионы ДНҚ-на ендірген.
Нəтижесінде ересек сиырдан сауылып алынатын сүт, құрамы бойынша ана сүтіне
өте жақын болып шыққан. Сиыр сүті мен ана сүті арасындағы басты айырмашылық
– ақуыз көлемінде екендігі белгілі. Қалыпты сиыр сүтінде ақуыз (3,2%) ана сүтімен
салыстырғанда (1-1,2%) анағұрлым көп болады. Бұл өз кезегінде бұзаудың
қатарластарынан қалмай тез өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді. Ал ана сүтіндегі ақуыз
мөлшері, нəрестенің қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті. Бұған керісінше – ана
сүті құрамында лизоцим ферменті анағұрлым басым келеді. Лизоцимнің
антибактериальді қабілетке ие екендігі белгілі. Ол патогенді бактериялардың
қабығын еріте алуы себепті, нəрестенің алғашқы айларында инфекциялық
ауруларынан сақтануын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мұндай трансгенді


155
сиырларынан алынған сүт құрамы лактоферонмен байытылуы себепті, баланың
иммундық қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Гендік модификацияланған сүт
өнімінің жəне бір маңызды артықшылығы – альфа-лактальбуминнің болуы. Кейбір
зерттеулерге қарағанда, бұл ақуыз ісік ауруларына қарсы тиімді əсер ете алады. Осы
ақуыздың белсенді түрін ғалымдар HAMLET (лат. human alpha-lactalbumin made
lethal to tumors) деп атай бастаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет