Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет12/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика


§ 6. 
Дауысты дыбыстар 
Қазіргі қазақ тілінің дыбыстар жүйесінде қолданылатын дауысты 
дыбыстардың саны 
12. 
Олар: 
а,ә,о, ө,ы,і,ұ,ү,е,э,и,у. 
Бұлардың ішінде, 
ә, ө, ы, 
і, ү, ү 
дыбыстары қазақтың байырғы сөздерінде ғана кездеседі. Бірқатар дау-
ысты дыбыстар 
(
а, о, е, и, у

қазақтың байырғы сөздерінде де, орыс тілінен 
енген сөздерде де бірдей қолданылады. Ал 
э 
дауысты дыбысы қазақтың бай-
ырғы сөздерінде кездеспей, орыс тілі арқылы енген кірме сөздер мен 
терминдік сөздерде ғана қолданылады. 
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай 
үш түрлі жолмен жүйеленеді (классификаиияланады). 
1. Д а у ы с т ы д ы б ы с т а р д ы ң т і л д і ң қ а т ы с ы н а қ а р а й
ж ү й е л е н у і 
Дауысты дыбыстарды шығаруда тіл ауыз қуысында үнемі ілгерілі-кейін 
жылжып, құбылып отырады. Бірде тілдің ұшы күрек тіске қарай созылып
бірде тілдің арты жұмсақ тандайға қарай созылып, бірде тілдің арты жұмсақ 
таңдайға қарай жиырылып тұрады. Тілдің горизонталь қалыпта жатып не 


ілгері, не кейін жылжуынан дауысты дыбыстардың бірқатары жіңішке, 
бірқатары жуан болып айтылады. 
Тілдің күрек тіске карай, алға жылжуынан пайда болған дыбыстар 
жіңішке 
дауысты дыбыстар 
деп аталады. Оларға: ә
, е і, ү, е, э
дауысты-лары енеді. 
Тілдің жұмсақ таңдайға қарай, артқа жылжуынан пайда, болған дыбыс-
тарды
жуан дауысты дыбыстар
дейді. Оларға:
а, о, ы, ұ
 
 
дыбыстары 
жатады.
2-жаттығу. 
Мына төмендегі берілген сөздерден жуан дауысты дыбысы бар сөздерді 
бірыңғай, жіқішке дауысты дыбысы бар сездерді бірыңғай теріп жазыңдар. 
Терезе, алтын, мал, тары, қара, төл, желек, шелек, тезек, көз, балык, арба, 
еден, торы, сабын, жұлдыз, етік, көрші, қонақ, өлең, қара, көз, қысқа, сөйле, 
он, елу, орман, кім, сен, ыдыс, көмір, тіл, жыл, кейін, сәл, жал, жақ, зәре, шоқ, 
ыдыс, көлік, терек, бау, күміс, мыс, жез. 
Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай бұлайша жүйеленуінде екі 
дауысты дыбыс 
( и,у ) 
жуан
 
дауыстылар тобына да, жіңішке дауыстылар 
тобына да енбейді. Қазақ тілінде бұл дыбыстар сөз ішінде көршілес
буындағы дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болуына қарай бірде жуан 
бірде жіңішке дауысты дыбыс ретінде түсініледі. Мысалы: 
бару, қару,
жазу, 
суда, туыс, қиын, тиын 
деген сөздердегі
у 
және 
и 
дауысты дыбыстары жуан 
дауысты дыбыс болып саналады. Ал 
келу,
кету, жету, сурет, киім, жиі, 
тиімді 
деген сөздердегі 
у 
және
и
дауысты дыбыстары жіңішке дауысты 
дыбыс делінеді. Өйткені бірінші жағдайда бұл дыбыстар өзге жуан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет