201
есімшелер
қай? қандай?
деген сұрауларға
жауап беріп, өзінен кейінгі
әйел-
дер, орыс әйелдерімен ,адам
деген зат есімдерді анықтап тұр.
Зат
есім айтылмай, есімшелердің өзі заттық ұғымда айтылғанда , есімше-
лер морфологиялық тұлғасына қарай, сөйлемнің барлық мүшелері
де болып
келе береді.
Атау тұлғада келіп
кім? не?
деген сұраулардың біріне
жауап беріп баста-
уыш болады. Мысалы:
Бұл
ергендер
(кімдер?) –
осы обоздың басшылары.
(М.Ә.)
Ілік
септік жалғау тұлғасында келіп,
кімнің? ненің?
деген сұрақтарға жауап
беріп те анықтауыш болады. Мысалы: 1)
Қолы
қимылдағанның
(кімнің?)
аузы
қимылдар. (М.М)
2)
Қызмет істеп
жүргендердің
(кімдердің?) біреуі
болатын.
(Б.М)
Есімше атау мен ілік септік жалғаудан өзге септік жалғау тұлғасында келіп,
сол жалғаулардың сұрақтарына жауап беріп толықтауыш болады. Мысалы:
Біздің төбеге шыққанымызды
(нені?)
немістер сезіп қалған екен. (Ғ.Мүсір.)
Жатқанға
(кімге?)
жан жуымас.(М.М)
Есімше сөйлем ішінде шығыс септік жалғауы тұлғасында
келіп пысықта-
уыш та болады. Мысалы:
Қуанғаннан
Достарыңызбен бөлісу: