Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


жайында  бірсыпыра кеңесті. (Ғ. М.) 4) Жиналыста сен жөнінде де



Pdf көрінісі
бет295/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

жайында 
бірсыпыра кеңесті. (Ғ. М.)
4)
Жиналыста сен
жөнінде де
біраз талас болды.
5)

Жүрек туралы 
диссертация қорғап жатқан қайсың? 
— деп, көңілсіз күлді. 
(Т. Ә.) 
159-жаттығу

Мәтінді көшіріп жазындар. Әр сөйлемдегі толыктауыш-тардын астын 
сызып, олардың қандай сөз табынан болғандығын және қан-дай мүшені толықтырып 
тұрғандығын, қандай сұраққа жауап беретіндігін ай-тындар. 
— Бүгінгі өткен той қызығында да талай түйін жатыр, жолдастар. Ойында да 
мақсат бар. Ең бір жарқын түйінді «Кеңөріс» адамдарының басынан қармап 
қалғандаймыз. Оның адамдары бүгін үш бәйгені қоса соқты. Еңбектегі 
ұйымшылдык, ыкылас ойында да көрінбек. Сайыста күш қана керек пе? Жоқ, 
оған күшпен қоса күреске деген табандылық, амал-айла да керек. Еп пен ақыл 
керек. Ойы жоқ бастық білегіндегі кұр күш ештеңені де ұқсата 
алмайды.Үстіндегі адамы билей алмаса, қанша жүйрік атың да жүлде ала 
алмайды. «Кеңөріс» адамдары, міне, осындай. Енді осы көрген қызық, осы 
жарастығымызбен ілгері жұмыс майданының қамына кірісеміз. Қазір күн 


еңкейді. Бәріміз де қонысқа тараймыз. Ертең елең-алаңда еңбек мейрамын 
бастаймыз, - деп, жақсылық иегін шығыс беттегі шыңдарға қарай бір нұсқап 
тоқтаған-ды (Ғ. Сл. ). 
§ 115. Тура толықтауыш пен жанама толықтауыш 
Толықтауыштар сөйлемдегі етістіктен болған мүшеге меңгеріліп, белгілі 
септік жалғауы тұлғасында қолданылып, өзін меңгеретін етістіктен болған 
мүшемен мағыналық жағынан тығыз байланысты болады. Байланысу түріне 
қарай толықтауыштар екі түрлі болады: 1) тура толықтауыш, 2) жанама 
толықтауыш. 
1. Тура толықтауыш. 
Тура толықтауыштар морфологиялық тұлғалық 
жағынан табыс септік жалғауында болып келеді де, өзін меңгеріп тұратын 
етістікке мағына жағынан кірігіп тұрады. Ондай толықтауыш сөйлемде 
айтылмаса, меңгеріп тұрған сабақты етістіктің мағынасы олқыланып, ой 
жеткілікті түрде тиянақталмайды. Мысалы, 
Ботакөз үйге от (ты) жақты (С. 
М.) 
деген сөйлемдегі 
от 
сөзі — тура толықтауыш. Оны сөйлемнен түсіріп, 
Ботагөз үйге жақты 
дейтін болсақ, 
от (ты) 
сезінің орны ойсырап тұрады, 
сөйлемнің мағынасына айтарлықтай олқылық келтіреді, өйткені табыс 
жалғаулы тура толықтауыш болатын сөздің мағынасы өзін меңгеріп тұрған 
сабақты етістіктің мағынасымен ұласып кірігіп жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет