Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


қол қойды.  2) Мен жауынгерлерге  көз салдым



Pdf көрінісі
бет337/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

қол қойды. 
2) Мен жауынгерлерге 
көз салдым 
(Б.
 
М-ұ.) 
3) 
Торы 
ала 
ат 
— 
біздің колхоздағы жүйрік аттардың бірі. 
4) 
Менің інім 
Алматы 
қаласында 
оқиды. 
Бұл сөйлемдерде қара әріппен жазылған 
қол қойды, көз 
салдым 
деген тіркестер н е і с т е д і? деген сұраққа жауап беріп, күрделі 
баяндауыш болып тұр. 
Торы ала 
деген тіркес қандай? деген сұраққа жауап 
беріп, күрделі анықтауыш қызметін атқарып тұр. Ал 
Алматы қаласында 
деген 
тіркес қ а й д а? деген сұраққа жауап беріп, күрделі пысықтауынш болып тұр. 
Бұларды өз ішінде жеке сөйлем мүшелеріне талдауға болмайды. 
Үйірлі мүше деп аталатын сөз тіркесі сөйлемнің белгілі мүшесі қызметін 
атқарумен қатар, өз ішінде жеке сөйлем мүшелеріне талданады. Мысалы: 
Балығы тайдай тулаған 
көлдер бұл өлкеде жиі кездеседі 
деген сөйлемде 
балығы тайдай тулаған 
деген сөз тіркестері қ а н д а й? деген сұракқа жауап 
беріп, тұтас алғанда, 
көлдер 
деген бастауышпен байланысып, ү й і р л і 
анықтауыш мүше болып тұр. Сөйте тұра, бұл тіркестегі сездерді өзара 
байланысына қарай, жеке мүшелерге талдауға болады. 
Балығы 
н е с і? деген 
сұраққа жауап береді, бастауыш. 
Тайдай
қалай? деген сұраққа жауап береді, 
пысықтауыш. 
Тулаған 
не істеген? деген сұраққа жауап береді, баяндауыш. 
2. Үйірлі мүшеге енген сөз тіркестері өз ішінде жеке сөйлем мүшесі 
ретінде талданатын болғандықтан, оны бағыныңқы сөйлем деп түсінушілік 
бар. Үйірлі мүшелердің сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемдерден 
мына сияқты айырмашылықтары бар. 
а) Үйірлі мүшелердің ішіндегі сөздер өзара жеке мүшелерге талданып, 
сыртқы көрініс белгісі жағынан бағыныңқы сөйлемге ұқсап тұрғанмен, оның 
сейлемдік интонациясы болмайды. Сондықтан үйірлі мүшелерден кейін үтір 
қойылмайды; 
ә) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы есімшенің барыс, шығыс, жатыс,
көмектес септік жалғаулары тұлғасында немесе оның шылаулармен, мезгіл 
мәнді сөздермен түрінде келетін болса, үйірлі мүше қүрайтын есімшелер атау, 
ілік, табыс септік жалғауларының бірінде айтылуы шарт; 
б) өзінің айналасына өзге сөздерді үйіріп (байланыстырып) үйірлі мүше 
жасайтын, негізінде, есімше (оның атау, ілік, табыс септік жалғау түлғасы) 
болып келеді. 
Сөйтіп, үйірлі мүше тудыратын атау, ілік және табыс септік жалғаула-
рының бірінде айтылған есімше болатындықтан, үйірлі мүшелер үш түрлі 
болып келеді: 
үйірлі анықтауыш мүше, үйірлі толықтауыш мүше, үйірлі 
бастауыш мүше. 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет