Мысалы:
Сия-мен жаздым. Ат-пен келді. От-пен ойнама. Ағашты ара-мен
кестім. Ораз-бен бірге келдім. Сен Үмбет-пен кездестің бе?
2. Меншіктік ұғым беретін
-нікі, -дікі, -тікі
құрамды қосымшалар да
буын үндестігіне бағынбай, сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса
да, осы күйінде жалғанады. Мысалы:
Кабинет біз -дікі. Кітап Марат- тікі,
кезек се-нікі, мал баққан-дікі..
3.
-паз, -қор, -қой, -гөй, -кер, -кеш, -хана, -ист, -изм
жұрнақтары да
сөздің соңғы буынының қандай болғанына қарамай, сол күйінде жалғанады.
Мысалы:
өнер-паз, бейнет-қор, әзіл-қой, ақыл-гөй, жұмыс-кер, арба-кеш дәрі-
хана, коммун-ист, катпал-изм.
4.
х
әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әрқашан да жуан турде
жалғанады. Мысалы:
цех-тан, тарих-тың.
5.
рк,нк,кс,кт
дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген
сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы:
парк-тен, танкі-ні,
бокс-ке, пункт-ке.
6.
ль
әріптерінің тіркесіне біткен бір буынды орыс тілінен енген
сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы:
ролъ-ді, роль-дер;
нүлъ-сіз, нулъ-ді, рулъ-ді, руль-де.
Қазақ тілінде, өзге түркі халықтарының тіліндегі сияқты, ерін үндестігі
жоқ. Сөздің басқы буынында еріндік дауысты дыбыс бола тұрса да, соңғы
буындарда еріндік дауысты дыбыс жазылмайды. Соңғы буындардағы
дүдамал естілген еріндік дыбыстардың орнына езулік дауысты дыбыстар
жазылады. Мысалы:
құлұн, жұлұн, бұрұн, күңгүрт, орұн, тоғұз, күрөк, жүрөк,
бөлмө, төбө
сияқты естіле тұрса да, орфографиялық ережеге сәйкес
құлын,
жұлын, бұрын, күңгірт, күндіз, орын, тоғыз, күрек, жүрек, бөлме, төбе
болып жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: