төменгі жағына киіз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап қойыпты. (Ғ.
М.)
Бұл да аралас құрмалас сөйлем. Мұнда да үш жай сөйлем бар.
Бірақ бұл
құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің арақатынасы жоғарыдағы
сөйлемге қарама-қарсы тұрде құрылған. Бірінші сөйлемнің баяндауышы
тиянақты түрде ашық рай тұлғасында айтылып, екінші сөйлеммен мағыналық
жақындығы арқылы салаасу
тәсіімен байланысып тұрса, екінші сөйлемнің
баяндауышы
соң
шылауы тіркескен есімше түрінде тиянақсыз тұлғада
айтылып, үшінші сөйлеммен сабақтасу жолымен байланысып тұр.
Аралас
құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің өзара салаласа байланысқан
бөлімдерінің арасы жалғаулық шылаулар келу арқылы да,
жалғаулық
шылаусыз дауыс ырғағы арқылы да байланыса береді.Мысалы:
1)Қолындағы сүйменімен мұзды сәл қашап, мосы сирақтарын нық
орнатып, жуан сырықты екі мосының ашасына салды да, екі қазанды сол
көлденең сырыққа апарып асты.(Ә.С.)
2).Шала тұтанған от өшіп барады екен, тықсырмалай үрлеген сайын күл
бұрқырап, түтін көзді ашқызбады.(К.О.)
Бұл сөйлемдердің екеуі де
аралас құрмалас сөйлем, әрқайсысы үш жай
сөйлемнен келіп құрмаласқан. Бірінші құрмалас сөйлемде екінші сөйлем мен
үшінші сөйлемнің арасы салаласу тәсілімен байланысқан және ол екі жай
сөйлемді байланыстырып тұрған
Достарыңызбен бөлісу: