67
Адамның күнделікті өмірінде қолданылудан қалған қару-құрал, бұйым,
киім-кешек атаулары болған сөздер ескіріп, күнделікті тұрмыстың қажетіне
жарамай, тілде қолданылудан шығып қалып жатса, оның есесіне өндірістің,
ғылым мен техниканың , мәдениеттің, сауда мен транспорттың жаңа
түрлерімен байланысты жаңа ұғымның атаулары ретінде жаңа сөздер туып
жатады. Тілдің өсу, даму процесінде ескіріп, тілде қолданылудан шығып
қалып жататын архаизм сөздердің санынан жаңа ұғымның атаулары түрінде
тілге еніп жататын жаңа сөздердің саны әлдеқайда көп. Сондықтан тіл, оның
сөздік құрамы үнемі, үздіксіз толысу, баю үстінде болып отырады.
Қоғамдық тұрмыста өндіріс тауарларының бұрын болмаған жаңа түрінің
шығуымен , өндірістік қатынастарда жаңа ұғымдар мен түсініктердің пайда
болуымен жаңа сөздер пайда болады. Ол сөздік құрамға жаңадан енген сөздер,
атаулар бірден жалпы халықтың бәріне бірдей түсінікті бола бермейді.
Мысалы, қазір бәрімізге бірдей түсінікті, күнделікті қолданылып жүрген
т і л
ш і, е ң б е к к ү н
,
ж а л а қ ы
деген сөздер тілімізге жаңадан ене бастаған
ХХ ғасырдың жиырмасыншы- отызыншы жылдарында қалың бұқараға
түсінікті болған жоқ.
Сөйтіп,
Достарыңызбен бөлісу: