Сценарийі «жарқырайды жыл шамы»



бет1/6
Дата17.10.2023
өлшемі5,21 Mb.
#117024
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ СЦЕНАРИЙІ
«ЖАРҚЫРАЙДЫ ЖЫЛ ШАМЫ»
Көңілді әуен ойнап тұрады.
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке
Жаңа жыл да келіпті
Қошаметтеп қарсы алайық
Балаларды көрікті
(Балалар әдемі би қимылдарымен шығады)
Келіңдер, келіңдер
Тамашаны көріңдер
Шыршамызға арналған
Әнімізге еріңдер
Ән: «Жаңа жыл келді»
Балалар отырады
Жүргізуші: Жаңа жылда қызық көп
Кереметтер болады
Әсем ән мен тілектер
Көңілдерге толады
Кенеттен есіктен Мыстан кемпір мен Кощей кіреді. Мыстан Ақшақардай, Кощей Аяз атадай киініп алған. Олар балаларды көрмеген кейіп танытады.
Мыстан кемпір: (Мыстан Кощейге қатты ұрысып келеді)Бол жылдам аяғыңды бассаңшы. Онсыз да кешігіп қалдық. Тез жүрсеңші. Кощей келіп сазайыңды берсе ғой.
Кощей: ол қалай менің сазайымды берер екен, егер мен өзім Кощей болсам. Мыстан сен жынданғысың ба?
Мыстан кемпір: Тыныш, үніңді шығарма. Мен саған мыстан емес, Ақшақармын. Ал сен Кощей емес, Аяз атасың. Есіңе сақтап ал. Байқа, шатастырып алма.
Кощей: (балаларды көріп)А балалар да келіпті
Мыстан: Назар аудар, операцияны бастаймыз! Артымнан ер!
(балаларға қарап) Сәлеметсіңдер ме балалар! (Кощейге) Бірдеме десеңші
Кощей: Не айту керегін білмесем ше?
Мыстан: Менің айтқандарымды қайталай бер тым болмаса
Кощей: Сәлеметсіңдер ме шырақтарым, балаларым.
Мыстан: Біз Аяз аталарың екеуіміз сендердің мерекелеріңе келдік.
Кощей: Біз Аяз аталарың екеуіміз сендердің мерекелеріңе келдік
Мыстан (Кощейді бүйірінен түртіп) Не айтып тұрғаныңды білесің бе? Не үшін келгенімізді айт!
Кощей: Біз Аяз атаның таяғын алып кетуге келдік, өйткені ол сиқырлы, барлық тілектерді орындайды.
Мыстан: Оған көңіл бөлмеңдер, ол қалжыңдап тұр. Ыстықта көп жүріп, қызуы көтеріліп кеткендей. (Кощейге) Ауырып тұрғандай бол.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет