Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Атақ : а)  слава, известность. 7. Синонимдер сөздігі



Pdf көрінісі
бет81/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Атақ
: а) 
слава, известность.
7. Синонимдер сөздігі.
Синонимдер сөздігінде синонимдік қатарлар бері-
ліп, әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық 
ерекшеліктері мен қолданылу ерекшеліктері түсіндіріледі.Синонимдік қатар-
дың құрамындағы сөздердің сөздікте орналасу тәртібі, мысалы, қай сөздің 
бұрын, қай сөздің кейін орналасуы белгілі бір қағидаға негізделеді.
Синонимдес сөздер тобының ішінен мағынасы жағынан сол топтағы сөз-
дердің барлығына бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ жалпы мағынаны білді-
ретін сөз
д о м и н а н т с ө з
деп аталады. Доминант сөз өзімен синоним-
дес сөздердің барлығының басын құрап, солардың барлығына бірдей ортақ 
ұйытқы, тірелер таяныш ретінде жетекші қызмет атқарады. Мысалы,
халық, 
ел, жұрт, халайық, әлеумет
деген деген синонимдік қатардың құрамындағы 
доминант сөз – 
халық.
Сөздікте синонимдік қатардың құрамындағы өзара мәндес сөздердің әр-
қайсысының мағынасы талданып, қолданылу аясы мен стильдік қызметі 
түсіндіріледі. Осындай талдау мен түсініктен кейін синонимдік қатардың 
құрамына енген әрбір сөздің мағынасын ашып, айқындау үшін, әдебиеттен 
мысалдар беріледі. 
8. Фразеологиялық сөздік. 
Фразеологиялық сөздік те белгілі бір тілдегі әр 
түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсін-
діреді.Фразеологиялық сөздік бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік 
аударма сөздік түрінде де жасалады. Түркі тілдеріндегі әр түрлі 
фразеологизмдер В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты 
сөздігінде берілген.
Фразеологиялық оралымдардың сөздікте талдану тәртібі мен тәсілін 
түсіндірме сөздіктегі сөздік мақалалардан аңғаруға болады. Мысалы, «Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігінде» (І том, 1959)
ат
сөзінің мағыналары тал-
данғаннан кейін осы сөздің ұйытқы болуынан жасалған мынандай фразео-
логиялық оралымдар берілген:
Ат ұстар – жаңа туған ұл бала. Ат 
құйрығын кесті – бір жола безді, қол үзі. Ат шаптырым жер – бәйгі атының 
шауып келетін жерінің қашықтық мөлшері. Ат қойды – лап беріп шаба 
жөнелді. Ат төбеліндей –азғантай, аумақсыз, саны аз. т .б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет