Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет82/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

9. Аударма сөздік.
Аударма сөздіктің екі түрі бар: оның бірінде белгілі бір 
шет тілдегі сөздер мен фразеологизмдер ана тіліне аударылып беріледі де, 
екіншісінде, керісінше, ана тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер шет тілге 
аударылады. Әр түрлі тілдерде жасалған сөздіктердің ішіндегі ең көп 
кездесетіні- екі тілді аударма сөздіктер. Аударма сөздіктер шет тілді оқып 
үйренуде , ол тілдің лексикасын меңгеруде , басқа тілде жазылған 
әдебиеттерді аударуда айырықша қызмет атқарады. 
10. Шет тілдер сөздігі . 
Шет тілдер сөздерінің сөздігі (Словарь инос-транных 
слов) шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік 


беруді мақсат етеді. Шет тілдер сөздерінің сөздігі шығу төркіні басқа тілдік 
сөздердің бәрін бірдей емес, қоғамдық ғылымдар мен көпшілікке арналған 
ғылыми-техникалық әдебиетте, көркем әдебиет пен газет-журнал-дарда 
қолданылатын шет тілдік сөздер мен терминдерді қамтиды.
Шет тілдер сөздерінің сөздігінде , біріншіден, шет тілдер сөздерінің мағы-
насы түсіндіріледі, екіншіден, ол сөздердің шығу тегі, қай тілдік сөз екні көр-
сетіледі.
«Сөздікте» сөздердің мағынасы мына түрде түсіндіріледі: 
Агглютинация

лат. аgglutinure желімдеу
) – 
линг. 
сөздің түбіріне 
белгілі мағынасы бар қосымшалар жалғау арқылы туынды сөздер мен 
грамматикалық формалар тудыру тәсілі. 
Мысалы, қазақ тілінде: ат – 
лолошадь, аттар- лошади, атта – на лошади, аттарда – на лошадях. 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Лексикография нені зерттейді ? 
2)
 
Лексикография қандай салаларға бөлінеді ? 
3)
 
Түркі тілдеріндегі алғашқы сөздіктер қай ғасырларда жазылды ? 
Оларды кімдер құрастырды ? 
4)
 
Қазақ тілінде жарық көрген сөздік түрлері қандай? Олар сөздерді қай 
тұрғыдан топтастырып зерттейді ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет