3. Қайталама қос сөздер. Бір сөздің қайталанып екі рет айтылуы- нан жасалған қос сөздерді қ а й т а л а м а қ о с с ө з д е р дейді.
Қайталама қос сөздер бір сөздің бастапқы тұлғасында тұрып қайталанып
айтылуы арқылы да, қосымшалы күйінде тұрып қайталануы арқылы да
айтылады. Мысалы:
төбе-төбе, қора-қора, шелек-шелек, бара-бара, қарай- қарай, жата-жата, ауызба-ауыз, қолма-қол. Қайталама қос сөздерді күшейткіш м ә н д і с ө з д е р деуге де болады.
Өйткені бір оқиғаны, көбіне қимылдық процесті күшейтіп көрсету үшін бір
сөзді қайталап айтамыз. Сондықтан да қайталама қос сөздер қандай сөз
таптарынан, қандай тұлғадан жасалмасын етістік сөзіне тіркесіп айтылады да,
етістіктегі қимылдың қалайша істелгендігін көрсетеді. Мысалы:
Сөйлей- сөйлей шешен болады, көре-көре көсем болады. Айта-айта жағым талды. Қайталама қос сөздер төмендегіше жасалады:
а) Атау (бастапқы) тұлғадағы түбір сөздің қайталанып айтылуы арқылы
жасалады, көбіне, есім сөздерге тіркесіп айтылады. Мысалы:
шелек-шелек сүт, қап-қап астық, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы. Қайталанып айтылып белгілі есім сөзінің алдында келіп, сол есім сөзінің
бір белгісін көрсетіп, анықтауыш болған сөздер жеке айтылып сол қызметті
атқара алмайды. Мысалы:
шелек сүт, қап астық, қора қой,үйір жылқы деп
айтылмайды, айтылғанның өзінде алдыңғыдай мағына тумайды.
ә) Етістіктің түбіріне көсемшенің жұрнағы жалғанып, қайталанып
айтылады да, өзге бір етістік сөзіне тіркесіп жұмсалады. Қимылдық процесті
күшейтіп көрсетеді. Мысалы:
қарай-қарай көзім талды.