109
62-жаттығу.
Берілген қысқаргған сөздерді толық күрделі атауға ай-налдырып жазындар.
ГДР, КНР, ІІМ, ҚазМұнайГаз, Қазпочта, Қазақтелеком, МАИ, ҰБТ,
Ұжымшар, педкеңес, совхоз, пединститут, АҚ, студкеңес, КТК (КВН),
ЖШС,ХДП.
63-жаттығу.
Жалаң сөздер мен күрделі сөздерді тауып,
оларды бөлек-бөлек көшіріп
жазыңдар.
1)Алыс жайлауға, Құнанбай ауылдары жеткен өріске бұл өлкенің елі жете
алмай қалды ( М. Ә. ). 2) Бұл жолдардың бойында қоңырауы күңгірлеген кіре
керуені де күні-түні үзілмей ағылатын болды ( Ғ. Мұст. ). 3) Күн кешкіріп
қалғанын Жұман жұрт тарай бастаған соң барып сезді . Қасқа
бастанып алған
толық ай Ақбұйрат адырына көгілдір жарығын қадай төгіп тұр ( Ғ. Мұст. ).
4) Кінәсіз екі мейірбан, жазықсыз екі жан Бөжейге деген көз жастарын
үйлерінде отырып төкті ) М. Ә. ). 5)
Баян Тұлпаркөгін тебініп қап, қоршауда
тұрған қыз-келіншекті бір шолып өтті ( І. Е. ). Жазғытұрымға сай-саланы
қуалай аққан қар суындай қазақ қолдары тарамданып,
жан-жаққа қарай
аттана бастады. Аңызық желге маңдайын сүйгізе, Әбілхайыр хан жападан –
жалғыз келе жатыр ( І. Е. ). 6) Үйдің ішін түрлі бояумен аламыштап тастапты
(М. Ә. ). 7) Баласынан айырылғанын жаңа түсінген әйел, жан шырып жаралы
барыстай, әлгі ноянға тап берді. Ұрыс осылай қызып жатқан кезде кенет
құмды боран басталды ( І. Е.). 8) Ақбала ернін ғана қимылдатты ( Ә. Нұрп. ).
9) Ақсақал, сіз біздің қонақсыз, алыстан кедіңіз ( Ә. Әл. ).
І
Достарыңызбен бөлісу: