8.
Ежелгі замандарда математикалық мағлұматтар көп уақыт бойы ғылымның
жекеленген саласына бөліне қойған жоқ.
Табиғат құбылыстарын бақылау барысында ежелгі
мәдениет ошақтарында алынған
аса маңызды астрономиялық, техникалық және т.с.с.
жаңалықтар, есептеулердің жаңа тәсілдері мен есептердің жаңа түрлерін шешу әдістері
ежелгі Грекияда білімді адамдар арасында кеңінен таралып, «
матема
» (
μ
ἀ
τ
η
μα
-білім,
ғылым) деп аталған жалпылама ғылыми
білімдер ретінде жинақталып, жүйеге түсіріле
бастады. Уақыт өте келе, осы саладағы ғылыми мәліметтердің біртіндеп жинақталуы мен
толыға түсуі оларды ретке келтіруді және жүйелеуді талап етті. Екінші жағынан, оқыту
ісінің қолға алынуы білімдердің бірнеше салаларға бөлінуіне әкеліп соқтырды. Осы сияқты
жағдайлар ғылыми білімдердің саралануының тарихи үдерісін
тездетті және
математиканың теориялық мәселелерімен айналысатын адамдар санының артуына алып
келді. Бұған натурфилософиялық бағыттағы бірлестіктердің (ғылыми мектептердің)
қызметі айтарлықтай ықпал жасады. Олардың алғашқылары мыналар болды: иониялық
мектеп (б.з.д. VII-VI ғғ.) және пифагоршылар мектебі (б.з.д.VI-V ғғ.). Б.з.д.
IV ғасырда
ежелгі Грекияда Платон Академиясы (б.з.д. 428 немесе 427 жж.-348 немесе 347 жж.) және
Аристотель Ликейі (б.з.д.356-323 жж.) жұмыс істеді.
Математикалық теориялардың пайда болу себептерінің бірі – өлшемсіздік
ұғымының
және
соған
байланысты
иррационалдықтардың
ашылуы
болды.
Иррационалдықтардың ашылуымен бірге ежелгі заман математикасында теориялық-
сандық және геометриялық тұрғыда айтарлықтай қиындықтар туындады. Алайда, осы
ашылған жаңалықтың мән-мағынасын ғылыми тұрғыда негіздеудің қажеттілігі және оның
қалыптасқан түсініктермен байланысы математикалық теориялардың
одан әрі дамуына
үлкен ықпал жасады. Осының барысында арифметика «санау өнерінен» сандар туралы
ғылым деңгейіне, ал геометрия «өлшеу өнерінен» фигуралар
туралы ғылым дәрежесіне
көтеріле бастады. Осылайша, ежелгі замандарда-ақ математикадан оның арифметика және
геометрия атты екі саласы бөлініп шықты.
Математика теориялық-дедукциялық ғылым саласы ретінде ежелгі заман
математикасының александриялық кезеңінің алғашқы ғасырында (б.з.д. III ғасырда) өз
дамуының шырқау биігіне көтерілді. Бұл орайда Евклидтің «Негіздер» атты еңбегінің
маңызы
зор болды
Достарыңызбен бөлісу: