190
денесі сулы ортада болғандықтан биіктігі 70 сантиметрге дейін жетеді.
Мүктердің белсенді топтарының сабағы және жапырағы болады,
сондықтан оларды
жапырақты
деп атайды (102-сурет, 1, 2). Анағұрлым
қарапайым мүктер – бауырмүктер спорангий түзілетін
майда жасыл
түсті тақташалардан тұрады (102-сурет, 3–5).
Мүктер – тіршілік циклінде гаметофиттері басым болатын
жоғары сатыдағы бірден-бір өсімдік болып табылады.
Бұл кезде
өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтары гап лоидты болады. Ере-
сек өсімдіктердің арнайы жасушаларында митоз жолымен гаплоид-
ты гаметалар түзіледі. Олардың ұрықтануынан зигота түзіледі.
Ұрықтану да, зиготалардың түзілуі де аналық өсімдікте жүреді не-
месе жұмыртқа жасушасы дамитын мүктің
сабағындағы арнайы
ағзалардан түзіледі. Гаметофитте зиготадан
диплоидты спорофит
–
«аяқты» қауашақ түзіледі. Спорофиттің жасушалары («аяқты» қауашақ
немесе спорангийлер) диплоидты болады. «Аяқты»
қауашақтың ішінде
спорангий болады, онда мейоз жүреді және гаплоидты споралар түзіледі.
Спорофит жасыл түсті болмайды. «Аяқты» қауашақ ашық қоңыр не-
месе қою сары түсті болады. Оның жасушасында
хлорофилл болмайды
және фотосинтез үдерісі жүрмейді. Мүктердің спорофиті қоректік зат-
тарды паразиттер тәрізді гаметофиттерден алады. Сондықтан споралары
бар қауашақтың бекінетін «аяғы» біртіндеп жасыл түсті фотосинтездеуші
гаплоидты гаметофиттен қоректік затты соратын өсіндіге айналады.
Споралар жетілгеннен кейін спорангий – қауашақтан шашылады,
қолайлы ортаға түскендері дамиды. Споралардан
жасушалары спора
102-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: