А. Соловьева, Б. Ибраимова


§47. Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі



Pdf көрінісі
бет160/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   250
§47. Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі 
Мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты және 
жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру
Гаплоидты және диплоидты, митоз және мейоз, гаметалар және зигота 
дегеніміз не? Олардың арасында қандай байланыс бар? 6-параграфтағы мате-
риалдарды еске түсіріп, мүктер мен қырықжапырақтардың ерекшеліктерін 
айтыңдар.
гаметофит және спорофит
. Споралы өсімдіктер – мүктер мен қырық-
жапырақтардың тіршілік циклі екі фазадан тұрады: спорофит және га-
метофит. 
Спорофит
– өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жыныссыз ұрпақ. Бұл –
өсімдіктердің спора түзу сатысы. Спорофит – әрқашан диплоидты, ал 
споралар әрқашан гаплоидты болады. Сондықтан споралар мейоз жо-
лымен түзіледі. Спорофит – аталық пен аналықтың (сперматозоид және 
жұмыртқа жасушасы) қосылуынан пайда болған зиготадан түзіледі. 
Сондықтан спорофит жасушаларында хромосоманың жиынтығы екі есе-
ленген болады. 
Гаметофит
– өсімдіктердің тіршілік циклін дегі жынысты ұрпақ. 
Бұл сатыда гаметалар түзіледі. Гаметофиттердің жасушалары гаплоидты, 
гаметалары жасушалардан митоз жолымен түзіледі. Гаметофиттердің өзі 
гаплоидты споралардан пайда болады.
Мүктердің тіршілік циклі
. Мүктердің тірек және өткізгіш ұлпалары 
нашар дамыған. Сондықтан мүктер биік болмайды. Олардың биіктігі 
құрғақ жерлерде бірнеше сантиметр болады. Аквариумдағы мүктердің 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


190
денесі сулы ортада болғандықтан биіктігі 70 сантиметрге дейін жетеді. 
Мүктердің белсенді топтарының сабағы және жапырағы болады, 
сондықтан оларды 
жапырақты
деп атайды (102-сурет, 1, 2). Анағұрлым 
қарапайым мүктер – бауырмүктер спорангий түзілетін майда жасыл 
түсті тақташалардан тұрады (102-сурет, 3–5). 
Мүктер – тіршілік циклінде гаметофиттері басым болатын 
жоғары сатыдағы бірден-бір өсімдік болып табылады. Бұл кезде 
өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтары гап лоидты болады. Ере-
сек өсімдіктердің арнайы жасушаларында митоз жолымен гаплоид-
ты гаметалар түзіледі. Олардың ұрықтануынан зигота түзіледі. 
Ұрықтану да, зиготалардың түзілуі де аналық өсімдікте жүреді не-
месе жұмыртқа жасушасы дамитын мүктің сабағындағы арнайы 
ағзалардан түзіледі. Гаметофитте зиготадан 
диплоидты­ спорофит
– 
«аяқты» қауашақ түзіледі. Спорофиттің жасушалары («аяқты» қауашақ 
немесе спорангийлер) диплоидты болады. «Аяқты» қауашақтың ішінде 
спорангий болады, онда мейоз жүреді және гаплоидты споралар түзіледі. 
Спорофит жасыл түсті болмайды. «Аяқты» қауашақ ашық қоңыр не-
месе қою сары түсті болады. Оның жасушасында хлорофилл болмайды 
және фотосинтез үдерісі жүрмейді. Мүктердің спорофиті қоректік зат-
тарды паразиттер тәрізді гаметофиттерден алады. Сондықтан споралары 
бар қауашақтың бекінетін «аяғы» біртіндеп жасыл түсті фотосинтездеуші 
гаплоидты гаметофиттен қоректік затты соратын өсіндіге айналады. 
Споралар жетілгеннен кейін спорангий – қауашақтан шашылады, 
қолайлы ортаға түскендері дамиды. Споралардан жасушалары спора 
102-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет