265
геронтология
– тірі ағзалардың, соның ішінде адамның қартаюын зерттейтін
ғылым.
гигантизм
– адамның бойының қалыпты мөлшерден артық өсуінің ауытқуы.
гигиена
– өмір сүру және еңбек жағдайының адамның денсаулығына әсерін
зерттейтін, аурулардың алдын алу, денсаулық сақтау және өмір сүру жасын
ұзарту шараларын жасаумен айналысатын медицина саласы.
гинекология
– әйел ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін,
жыныс жүйесінің ауруларын, оларды емдеумен және аурулардың алдын алуды
зерттейтін медицина саласы.
гипертония, гипертензия
– жоғары артериялық қысым.
гипертрихоз
– әдетте шаш шықпайтын немесе шоқ болып шаш шыққан
тері бөлігінде шамадан тыс түк шығу. Мысалы, әйелдердің бетінде немесе ер
адамның арқасында түк шығу.
гипноз
– тежеу арқылы мидың барлық қыртысы емес, тек жеке бөліктері
қамтылатын ұйықтаған сияқты күй.
гипогликемия
– қанда қант мөлшерінің қалыпты деңгейден төмен азаюы.
гиподинамия
– қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі, бұлшық еттің
жиырылу күшінің төмендеуі кезінде ағза қызметінің (тірек-қимыл аппараты,
қан айналым, тыныс алу, асқорыту) бұзылуы.
Достарыңызбен бөлісу: