267 емдік денешынықтыру (еДШ) – денешынықтыру әдістерімен ауруларды
емдеу және алдын алу.
есеңгіреу, шок – адам өміріне қауіпті күй; ағзаның жарақат алуы, күйік,
операция және сәйкес келмейтін қан құю кезінде, инфаркт болғанда және т.б.
әсер көрсетуіне байланысты пайда болады.
ессіз күй, кома – ес-түсті толық жоғалту; қан айналым, тыныс алу және
зат алмасудың бұзылуы; рефлекстің болмауымен сипатталатын өмірге қауіп
туғызатын күй.
есте сақтау, жады – өткен жеке тәжірибелерді қайта жаңғырту, еске түсіру
қабілеті.
есінеу – ұзақ терең тыныс алу мен қарқынды тыныс шығарудан тұратын
еріксіз тыныс алу қозғалысы. Қанда көмірқышқыл газы жинақталған кезде
мүшелерді оттекпен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған ағзаның
рефлекстік реакциясы.
Ж Жас – жас безінің секреті.
Жастық шақ – бал дәурен шақтан кейінгі есейген кезге дейінгі өмір кезеңі;
ағзаның тіршілік ету күші жинақталады және дамиды.
Жарымес – ескірген атау. Психикалық тұрғыда қалыпты емес адам.
Жемсау – қалқанша бездің тұрақты түрде ұлғаюы.
Жүрек бұлшық еті – миокард.
Жүрекмаңы қапшығы – перикард дегенді білдіреді.
Жұқпалы аурулар – ауру адамнан сау адамға берілетін, ауру тудырғыш
микроағзалар тудыратын аурулар.
Жұмыртқа – жұп аталық жыныс безі.
Жұмыртқа жасушалары – ұрықтану нәтижесінде немесе партеногенез
жолымен жаңа ағза дамитын аналық жыныс жасушасы.
Жыпылықтау, кірпік қағу – мөлдір қабықтағы, көздің шырышты қабығын-
дағы, қабақ терісіндегі, кірпіктегі үшкіл жүйкенің сезімтал ұштарының
механикалық тітіркендіруге немесе жарық тітіркендіруіне жауап ретінде
қорғаныш рефлексі.
з зат алмасу, м е т а б о л и з м – ағзада жүретін, оның өсуін, тіршілік әрекетін,
өніп-өсуін, қоршаған ортамен тұрақты байланысы мен алмасуын қамтамасыз
ететін химиялық айналымның жиынтығы.
зейін – психикалық қызметтің (әрекеттің) белгілі бір нысанға бағытталуы.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17
а
2019
а
217