276
Темперамент –
тікелей жүйке жүйесіне байланысты адамның мінез-құлығы.
Тестостерон
– аталық бездерден бөлінетін гормондар.
Тимозин
–
айырша безден бөлінеді, екінші
реттік жыныстық жетілуді
реттейтін гормон бөледі.
Тироксин
– қалқанша безден бөлінетін ағзада
йодтың алмасуын реттейтін
гормон.
Тонометр
– қан қысымын өлшейтін арнайы құрал.
Торлы қабық
– жарыққа сезімтал көптеген таяқшатәрізді және құтышатәрізді
жасушалардан тұратын көздің ішкі қабығы.
Төстік
– дыбыс тербелісін балғашықтан үзеңгіге өткізетін ортанғы құлақтың
есту сүйекшесі.
Туа біткен дақ –
терінің дамуының кемшілігі; оның белгілі бір жасушаларының
шамадан тыс өсуі. Тамырлы,
пигментті, сүйелді дақ болып бөлінеді.
Туберкулез
– зиянды бактериялардың әсерінен
пайда болатын өкпенің
жұқпалы ауруы.
Тұмау
(грипп) – вирустардың әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру.
Тіл –
ауыз қуысының түбіндегі бұлшық етті өсінді.
Тілше
– жұмсақ таңдайдың артқы шетіндегі өсінді. Жұмсақ таңдаймен
бірге
жұтқан кезде аңқаны жұтқыншақтан бөледі.
Тісжегі
(кариес) – тістің қатты ұлпасының бұзылуынан болатын ауру.
Тіс кіреукесі
– тіссауытты жауып тұратын арнайы эпителий ұлпасы.
Достарыңызбен бөлісу: