82
Антиденелер
– лимфоциттердің кейбір түрлерін бөгде заттардың –
антигендердің (грек. анти – қарсы) енуіне жа уап ретінде бөліп шығаратын
ерекше нәруыздар. Антиденелер микроағзаларды өзара жабыстырып,
оларды жоя алады. Сонымен қатар антиденелер улы заттардың молеку-
лаларымен химиялық реакцияға түсіп, оларды бейтараптайды. Антидене
молекулалары ағзаның зақымданған жасушаларын жою үшін «белгілеп
алатын» сияқты.
лейкоциттердің
әртүрлі
типтері
қызметтерінің
айыр ма шы-
лықтары бар
.
лейкоциттердің 5
типін ажыратады, олардың кейбірі
тип тармақтарына бөлінеді. Олардың әрқайсысының құрылысында
ерекшеліктері бар, түрлі түске боялады, им мун дық жүйенің әртүрлі
мүшелерінде жетіледі. Біз төменде олардың
қызметіне байланысты
айырмашылықтарын қарастырамыз (3-кесте).
3-кесте.
лейкоциттердің типтері және олардың қызметтері
Атауы
Мөлшері
қызметінің ерекшеліктері
мен құрылысы
Нейтро филдер
50–70%
Белсенді микрофагтар – жасушаара лық кеңістікте,
теріде және т.б. мүше лерде кездеседі
лимфоцит тер
24%
Антиденелер жасау,
гуморальдық және жасушалық
иммунитет
Моноцит тер
4%
Макрофагтар – көбінесе қан арнасынан тыс
(буын, плевра сұйықтығында және т.б.) зиянды
бөлшектерді
жояды
Эозино фил дер
1,5–5%
Бөтен нәруыздарды және тіршілігін жой ған ұлпа
нәруыздарын залалсыз дандырады
Базофил дер
0,5–1%
Қанның басқа жасушалары үшін
тамырлардың
өткізгіштігі және қан ұюы үшін маңызды рөл
атқарады
Нейтрофилдер
(ұсақ) және
моноциттер
(ірі) – ең белсенді макро-
фагтар.
Олар бактерияларды, өкпедегі тозаңды және басқа зиянды
бөлшектерді жояды. Микро- және макрофагтар – «бірінші қорғау шебін
(сызығын)» қамтамасыз ететін зор
фагоцитоздық жүйе
.
Фагоциттер
жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді. Олар ауру қоздырғыштарын
«тани» алмайды, оны «белгілей алмайды», жұқпамен күресу әдістерін
зерттей алмайды. Нақты бір қоздырғыштарға қарсы «арнайы қаруды»
жасау және жауларын «тану» сияқты күрделі жұмысты
лимфоциттер
атқарады.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17
а
2019
а
217