А. Соловьева, Б. Ибраимова


лимфоциттердің түрлі типтері



Pdf көрінісі
бет68/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   250
Байланысты:
httpsokulyk.kzwp-contentbooks311311.pdf 2

83
лимфоциттердің түрлі типтері 
әртүрлі мүшелерде түзі леді. Олардың 
барлық жасушалары сүйек кемігінде пайда болады. Кейін олардан 
жасушалардың екі типі түзіледі: 
Т-лимфоциттер айырша безде (тимуста) жұмыс істеуге дайын 
«жетілген» болады; 
В-лимфоциттер сүйек кемігінде жетіледі. Олар көбеюге қабілетті – 
тек бір «жауын» – нақты бір ауру қоздырғышын тани алатын арнайы 
жасушалардың келесі ұрпақтарын береді. Бұл лимфа түйіндерінде және 
көкбауырда жүзеге асады. 
Ағзаға жаңадан белгісіз антиген түскен кезде оның пайда болуына 
арнайы 
антидене
жасалады. Оған В-лимфоциттер жауап береді. Яғни 
В-лимфоциттер 
гуморальдық
иммунитетті
қамтамасыз етеді. Егер 
«жау» ағзаға қайтадан енсе, В-жасушалар оны лезде таниды да, тез 
көбейеді – осы қоздырғышқа қарсы антидене жасайтын жасушалардың 
жаңа ұрпағын береді. Ағзаға белгілі бір антиген неғұрлым жиі енсе
оған қарсы «қару» – антидене соғұрлым тез әрі жақсы пайда болады. 
Аурулардың алдын алатын екпелерді қолдану осыған негізделген. 
Адам ағзасы иммунитетін жоғалтқан кезде, мысалы, ЖИТС-пен 
ауырған жағдайда кез келген жұқпадан қайтыс болуы мүмкін. ЖИТС –
бұл жұқтырып алған иммундық тапшылық синдромы. ЖИТС-тің 
қоздырушысы – АВЖ (адамның вирустық жұқпасы). Ол өте өзгер гіш –
тұмау вирусынан 100 еседей өзгергіш. Вирустың бір түріне әсер еткен 
дәрі басқа түрлеріне әсер көрсете алмайды. ЖИТС-тен жазылып кеткен 
жағдай әзірше тіркелген жоқ. 
Электрондық микроскоп арқылы АВЖ-ның құрылысы, оның 
жасушаға беку механизмі анықталды. Ағза антиденелері вирусқа 
әсер етпейді. Вирус Т-лимфоциттерді жоятындықтан ағза қорғанышы 
әлсірейді де, иммундық тапшылық пайда болады. АВЖ-жұқтырған 
адам алдымен аурудың белгілерін байқамайды. Ол басқа жұқпаларды 
тез жұқтырады. Себебі оның ағзасы иммунитеттің жойылуынан аурумен 
күресе алмайды.
ЖиТС белгілері.
Аурудың бастапқы сатысында қалтырау бай-
қалады. лимфа түйіндері ұлғаяды. Адамның терісінде ұсақ бөртпелер 
пайда болып, олар жараға айналады. Дене температурасы көтеріледі
іші өтеді, арықтайды, қаназдық байқалады, шаршайды, буындары және 
басы ауырады, өкпесі қабынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет