гектардан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 жылы 5-10 қаңтар
аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика
конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия
республикаларының ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария
облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімшілігі
кіргізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің
тарихи атауын қайтарып алды. 1924 жылы ел астанасы Орынбордан
Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті.Жаңа әкімшілік
бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал
(құрамына Бөкей облысы уезд дәрежесінде кірді) облыстарынан және
республика Үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі,
сондай-ақ, Қарақалпақ автономиясы облысқа кірді. 1928 жылы Қосшы
одақтары нығайтылып, 300-ден астам ұжымшар, 5 кеңшар құрылды,
губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен аудандар құрылды.1929
жылы 13 округ (Адай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев (қазіргі Атырау),
қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Кереку (қазіргі Павлодар), Қызылжар
(қазіргі Солтүстік Қазақстан облыстары), Семей, Сырдария, Орал) құрылды.
1929 жылы мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді.1929 жылы жаппай
ұжымшарға бірігу қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап
ретінде жою, кеңестік озбырлық тұтатқан көтерілістерді қарулы күшпен басу
және көшпелі халықты отырықшыландыру науқандарымен қатар
жүргізілді. 1928-1937 жылдары республикада 1-2 бесжылдық жоспарлары
бойынша 200-ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады. Олардың
ішіндегі ірілері Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту зауыттары
болды.КСРО-дағы 3-көмір бассейні атанған Қарағанды және Алтайдағы кен
орындары тез дамыды. Жедел түрде Түрксіб темір жолы іске қосылды. 1932
жылы бұрынғы округтер таратылып, орнына 6 облыс (Алматы, Ақтөбе,
Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан)
құрылды.1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа конституциясы
бойынша Қазақ АКСР-ы одақтас республикаға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: