Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет31/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Құзыреттілік
– алынған білім, дағдылар, қабілеттер, құндылықтар 
жиынтығы негізінде нақты қызметтерді жасай алу; 
2.
Біліктілік
– Литва Республикасының құқықтық актiлерiнде белгiленген 
тәртiппен танылған нақты қызмет үшiн қажеттi тұлғалардың құзыреттiлiгі 
немесе кәсiптiк тәжiрибелерінің жиынтығы; 
3.
Литваның біліктілік құрылымы 
– тұлғаның қызметіне қажетті 
құзыреттіліктеріне негізделген Литва Республикасында құрылған біліктілік 
деңгейлерінің жүйесі [148]. 
Біздің зерттеуім үшін ресейлік ғалымдар ұсынған жоғары білімнің 
федералды мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, «Менеджмент» 
(біліктілік (дәрежесі) «бакалавр») бағыты бойынша білім менеджерінің 
дайындығын болжауды қамтамасыз ететін заманауи білім беру менеджерінің 
құзыреттілік моделі қызықты: 

білім 
беру 
ұйымдарының 
корпоративтік 
және 
бәсекелестік 
стратегияларын, сондай-ақ функционалдық стратегияларды (маркетингтік, 
қаржылық, кадрлық) әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуы; 

білім беру ұйымының және оның бөлімшелерінің қызметін 
жоспарлауы; 

нақты жобаларды, қызмет түрлерін, жұмыстарды орындау үшін 
орындаушылардың (орындаушылар тобының) жұмысын ұйымдастыруы; 

білім беру ұйымдарын дамытуға бағытталған жобаларды дайындау 
және жүзеге асыруы; 

қызметкерлердің жұмысын қадағалау, білім беру ұйымының 
персоналдарын ынталандыруы; 

басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін білім беру ұйымының 
сыртқы және ішкі орта факторлары туралы ақпаратты жинау, өңдеу және 
талдауы; 

шешімдерді қабылдау, жұмысты жоспарлау және бақылау үшін ақпарат 
жинау мақсатында білім беру ұйымының ішкі ақпараттық жүйесін құруы; 

ақпараттық-сараптамалық 
қызмет 
нәтижесі 
бойынша 
есептер 
дайындауы. 
Осы стандартқа және біліктілік талаптарына сәйкес заманауи білім 
менеджері міндетті: 
Білуге: 

басқарудың негізгі теориялары мен басқарушылық ойлаудың даму 
кезеңдерін; 

стратегиялық менеджмент құралдарын пайдалана отырып, білім беру 
ұйымдарының стратегиясын дайындау технологияларын; 

білім беру ұйымдарының операциялық қызметін басқарудың заманауи 
тұжырымдамаларын; 

білім беру ұйымдары тәртібінің экономикалық негіздерін, білім беру 
саласының бәсекелестік ортасын талдау құралдарын; 

білім беру сапасын басқару мен білім беру ұйымының бәсекеге 
қабілеттілігін қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдерді; 


84 

білім беру ұйымының ұйымдастырушылық мәдениетіне диагностика 
жүргізуді және адами ресурстардың аудитінің негіздерін; 
Істей білуге

басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде олардың сандық және 
сапалық талдау әдістерін қолдануды, олардың шарттары мен салдарын 
бағалауды; 

басқарушылық міндеттерді атқару барысында уәждеме, көшбасшылық 
және биліктің негізгі теорияларын қолдануды; 

білім беру ұйымдарында адами ресурстарды басқару стратегиясын 
жасауды, оларды жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлауды және 
орындауды; 

топтық динамика процестерін және топ құру қағидаларының негізінде 
топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруды; 

тұлғааралық, топтық және ұйымдастырушылық коммуникациялар 
жүйесін талдауды және жобалауды; 

маркетингтік зерттеулер мен менеджменттегі ең үздік тәжірибелерді 
талдау нәтижесінде алынған ақпаратты білім беру ұйымының қызметінде 
қолдануды; 

білім беру ұйымдарының процестерін модельдеу және оларды 
жетілдіру мен қайта құру бойынша ұсыныстар әзірлеуді; 

білім беру ұйымының операциялық қызметін талдауды және оның 
нәтижелерін басқарушылық шешімдер дайындау мақсатында пайдалануды; 
Меңгеруге 

білім беру ұйымының ұйымдастырушылық құрылымын жобалау 
стратегиясын, өкілеттіктер мен жауапкершілікті табыстау негізінде бөлуді; 

білім 
беру 
ұйымының 
операциялық 
қызметін 
басқарудағы 
стратегиялық, тактикалық және жедел шешімдер қабылдау әдістемесін; 

білім беру ұйымының қызметін бақылау әдістері мен тәртіптерін 
дайындау тәсілдерін; 

білім беру ұйымының маркетингтік стратегиясын дайындауға қатысу, 
оны жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлау және іске асыру 
дағдысын; 

ұйымдастырушылық өзгерістер бағдарламаларын жүзеге асыруға 
қатысу 
дағдыларын, өзгерістерге 
жергілікті 
қарсылықтарды 
еңсеру 
қабілеттілігін. 
Зерттеу жұмысының 2.2 бөліміндегі салыстырмалы параметрлерге 
байланысты екі мемлекеттің мамандарды дайындау біліктілік сипаттамасына 
талдау жасалынды (кесте - 3).
Кестеде көрсетілгендей Литва мемлекетінде басшы құзыреттілігі нақты 
көрсетілген, ал Қазақстанда құзыреттілік біліктіліктің жалғаспалы сипаттамасы 
ретінде қолданылатындығында.


85 
Кесте – 3 Қазақстан мен Литва мемлекеттеріндегі біліктілік 
сипаттамасына салыстырмалы талдау.
Литва 
Қазақстан 
Құзыреттілік 
– алынған білім, дағдылар, 
қабілеттер, 
құндылықтар 
жиынтығы 
негізінде нақты қызметтерді жасай алу 
Құзыреттілік 
біліктіліктің 
жалғаспалы сипаттамасы ретінде 
қолданылады.
Біліктілік 
– Литва Республикасының 
құқықтық 
актiлерiнде 
белгiленген 
тәртiппен танылған нақты қызмет үшiн 
қажеттi тұлғалардың құзыреттiлiгі немесе 
кәсiптiк тәжiрибелерінің жиынтығы;
 
Біліктілік
– қызметкердің нақты 
еңбек функцияларын сапалы 
орындауға дайындық деңгейі 
Академик А.Қ. Құсайынов: «Әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі 
көрсеткендей, білім беруді басқару жүйесінің тиімділігі, уәкілетті орган 
басшылығынан, оның ішінде мектеп басшылығынан бастап білім беру жүйесін 
басқарудағы сабақтастықты қамтамасыз етумен байланысты. Білім беру 
саласында көшбастаушы елдерде мектеп басшылығына жоғары білікті 
мамандар мен кәсіби біліктілігі жоғары адамдар тағайындалады, өйткені мектеп 
директоры білім берудің сапасын қамтамасыз етуде басты тұлға болып 
табылады. Бізде мектеп директорларына әзірге бұндай талаптар қойылмайды 
әрі олардың қызметінде сабақтастық жоқ. Тіпті кейде мектеп директорлары 
қызметінде тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар жұмыс істейді. Мектеп 
білімінің сапасын арттыру үшін, біздің ойымызша, мектеп директорларын 
қызметке алу кезінде кезінде қойылатын талаптар жасалуы керек, оларды 
аттестаттаудан өткізу, сондай-ақ олардың педагогикалық біліктілігін және 
кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған арнайы шаралар қажет»,–деп атап өтеді 
[6, б. 23]. 
Осылайша, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді 
реформалау үдерістері менеджмент қызметкерлеріне басқарушылық қызметін 
демократияландыру мен ақпараттандырудың инновациялық өзгерістер 
жағдайында жаңа арнайы білім мен дағдыларды талап ететін жаңа міндеттер 
қойды. 
Бүгінде білім беру қызметтерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін 
арттыруға қабілетті және оны тиімді жүзеге асыруға көмектесе алатын, арнайы 
білімі бар кәсіби мамандар сұранысқа ие болып отыр. 
Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық құрылымында білім 
менеджерлерін тиісті технология бойынша оқытудың және кәсіби даярлаудың 
жаңа үлгісін жасау қажеттілігі туындағаны анық. Біздің ойымызша, жоғары 
білімді әкімшілік-басқарушылық кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін 
арттырудың қазіргі тәжірибесі бұл міндетті орындай алмайды. 


86 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет