Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет27/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

 
 
 
 


76 
2 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЛИТВА РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ БІЛІМ 
БЕРУ МЕНЕДЖЕРЛЕРІН ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІН САЛЫСТЫРМАЛЫ 
ТАЛДАУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
 
2.1 Білім менеджерінің біліктілік сипаттамасы 
Білім беру «Қазақстан–2050» ұзақмерзімді стратегиясының маңызды 
басымдықтарының 
бірі 
деп 
танылды. 
Қазақстандағы 
білім 
беру 
реформаларының жалпы мақсаты – білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-
экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның 
Бірінші Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің 
қатарына қосу туралы міндет қойды. Бұл мақсатқа қол жеткізуде білім беру 
жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқарады [1]. 
Мектептердің қоғамдық рейтингін құру, орта білім беру ұйымдары мен 
социумның тұрақты өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі, білім беру қызметтерінің 
сапасының адам ресурстарының сапасына тәуелділігін күшейту, өзгерістер мен 
бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу қажеттілігі жаңа форматтағы білім беру 
менеджерлерін даярлаудың өзектілігіне негізделеді.
 
Білім берудегі сапалы өзгерістер басшылыққа келетін жаңа буын 
қалыптастыру қажеттілігінің туындағанын көрсетеді. Дамушы мектепке 
басшының түбегейлі басқа түрі – мектепті басқарушы ғана емес, сонымен қатар 
оны жаңа сапалы деңгейге көтере білетін тиімді менеджер қажет. 
Ұстаз мәртебесі туралы заңда ұстаздың қоғамдағы рөлін арттыру, мұғалім 
мен оқушының оқу жүктемесін азайту, мұғалім қызметіне тән емес қосымша 
жұмыстар мен негізсіз тексерулерден қорғауға баса назар аударылған. 
Ұстаздың ерекше мәртебесі танылады. Бұл біліктілік сипаттамасында 
көрсетілген талаптарға сай келетін техникалық және кәсіби, орта мектептен 
кейінгі, 
жоғары 
немесе 
ЖОО-дан 
кейінгі 
білімі 
бар 
Қазақстан 
Республикасының азаматтарына тән [143]. 
Ұстаздарды кәсіби міндетіне байланысы жоқ жұмыстарға тартуға, заң 
бойынша қарастырылмаған есеп пен ақпарат беруін талап етуге, сондай-ақ 
негізсіз тексерулер жүргізуге болмайды. Мұғалімнің кәсіби қызметін бастаған 
сәті анық көрсетілген. Ұлттық біліктілік тестілеу нәтижесі бойынша құжат 
алған жағдайда мұғалімге кәсіби қызметпен айналысу құқы беріледі. Бұл норма 
жоғары білікті мамандардың білім беру ұйымдарында жұмыс істеуіне 
мүмкіндік береді. Дегенмен, педагогикалық білімі жоқ, бірақ жоғары немесе 
жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық, я болмаса, кәсіби және орта білімнен 
кейінгі білімі бар, мамандығы бойынша біліктілігін арттырған мамандар да 
жұмыс істей алады, бұл тек тиісті педагогикалық қайта даярлаудан өтіп, 
Ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат алғаннан кейін 
ғана мүмкін. Мұғалімнің біліктілігін арттыру бойынша қандай мәселе, қай 
уақытта және қандай түрде болатынын өз қалауымен таңдау мүмкіндігі 
қарастырылған. Әрбір мұғалімге педагогикалық ЖОО, NIS, «Өрлеу» орталығы 
өзі таңдаған жерде кәсіби дайындықтан, курстардан өтуге арнайы ваучер, 
белгілі бір сома табыстау жоспарланып отыр [144]. 


77 
Профессор Г.Балақаева өмір бойы оқуға қабілетті болу керектігін айтады. 
Сондықтан мамандардың білім беру жүйесінде біліктілігін арттыру мәселесі 
ерекше маңызды. Оқу процесі жаңа педагогикалық идеялар мен 
технологияларды бірлесе талқылауды көздейді. Бұның бәрі, сөзсіз, кәсіби 
мамандардың жаңа буынын дайындауға өз үлесін қосады. ББЖҚ БАРИ-дің 
білім беру саласындағы барлық деңгейдегі педагогикалық мамандардың 
біліктілігін арттыруға бағытталған инновациялық бағдарламалары ЖОО мен 
мектептердегі білім беру сапасын арттыруды мақсат етеді [145].
Мектеп басшыларының кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуын сүйемелдеу 
мақсатында орталықта келесі басқарушылық құзыреттіліктерді қалыптастыру 
және дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі: Менеджмент және өзін-өзі басқару 
құзыреттілігі; ғылыми-әдіснамалық; ақпараттық-коммуникативтік; мектептің 
педагогикалық жүйесін басқару тиімділігінің міндетті шарты ретінде 
жобалаушы. Сонымен бірге, ұйым басшыларының педагогикалық менеджмент 
туралы тереңдетілген білімдері. Студенттердің білімін бақылау және бағалау 
үшін оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде өзіндік жұмыс, жобалық жұмыс, нақты 
жағдаяттарды талдау және қорытынды тестілеу жұмыстары жүргізіледі. 
Білім беру процесі оқытудың интерактивті түрлері мен әдістерін 
қамтиды: тәжірибелік жұмыс, тренинг, шеберлік сабағы, конференция, 
дөңгелек үстел, шағын сабақ презентациясы, рөлдік ойындар, кейстер әдісі, 
бейнефильмдерді талқылау, мәселелерді бірлесіп шешу.
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының қазақ және 
орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының директорлары үшін
«Көшбасшылық-педагогикалық ұжымның табыстылық факторы» білім беру 
бағдарламасын ерекше атап кетуге болады. Орта білім беру ұйымдарының 
директорларының кәсіби құзыреттілігін білім беру мазмұнын жаңарту 
тұрғысынан тиімді жұмыс істеу үшін қажетті көшбасшылық дағдыларын 
дамытуға және мейлінше жетілдіруге бағытталған. 
Бағдарламаның мақсаты – педагогикалық кадрлардың табысқа жетуі үшін 
орта білім беру ұйымдары директорларының көшбасшылық дағдыларын 
дамыту. Бағдарламаның мазмұны келесі модульдерді қамтиды:
1.
Нормативтік-құқықтық;
2.
Басқарушылық;
3.
Психологиялық-педагогикалық; 
4.
Мазмұнды; 
5.
Технологиялық; 
6.
Нұсқалық. 
Жалпы, білім беру менеджері–білім беру үдерістері мен технологияларын 
басқаруды, ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыруға және осы үшін 
жауапты болуға мүмкіндік беретін білімі бар адами қабілеттері дамыған маман.
Әрбір жаңа мамандық пен кәсіптің өмірінде өз негіздемелері болады. 
Олар жаңа заттың ерекшеліктерін, сондай-ақ қызметтің осы саласына тән 
құндылықтар жүйесін, мақсаттар мен қол жеткізу құралдарын біріктіретін жаңа 
қызмет өрісінің пайда болуымен байланысты. 


78 
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі № 319-III 
білім туралы, біліктілік беру туралы заңы нақты мамандық бойынша тиісті 
кәсіби қызметін атқару үшін қажет тұлғалық қасиеттер, кәсіби білім, іскерлік 
дағдыларын растайтын рәсім [146]. 
Болон келісімі және декларациялар жаһандық білім кеңістігіне кірудің 
басым тетіктері мен жолдарын бекітеді, алайда, құзыреттер мен біліктіліктің 
нақты жиынтығы ретінде тұжырымдалған ұлттық білім беру жүйелерінің 
мақсаттарын анық бекітуді қарастырмайды. Құзыреттер мен біліктілік кешенін 
анықтау жекелеген әр елдің ғалымдары мен мамандарының құзырында қалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеу ішінде келесі терминдер 
мен анықтамалар берілген:

Кәсіп:
тиісті құжаттармен білімі расталған, нақты бір салада кәсіби 
қызмет жасауына интеллектуалды қабілеті мен заңды құқығы, физиологиялық 
мүмкіндігі қамтамасыз етілген, арнайы дайындығы бар адамның еңбек 
жолындағы негізгі жұмыс түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет