157
үдерісінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар студенттердің өз бетінше білім
алу іс-әрекетінің мотивациясын, оның нәтижелерін сыни бағалай білуін, яғни
бір жағынан модульдерді өз бетінше таңдап, оқу бағыттарын құрастыра білуін,
екінші жағынан электронды желілерде ұсынылатын көптеген Интернет,
әдістемелік құралдардан өзін-өзі бақылаудың тиімді әдістерін таңдап, қолдана
білуін қалыптастыру маңызды.
Кешендік идеяны жүзеге асыру механизмдері: студенттің жеке басының
ерекшеліктерінің оқу-тәрбие үдерісін құрудың келесі кезеңдерімен сәйкестігін
қамтамасыз ету: жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау. Қашықтықтан
оқыту элементтері бар интерактивті оқыту жағдайында өзіндік модульдік
маршруттарды жобалау арқылы студенттердің мазмұнын еркін таңдау
мүмкіндігі білім беру бағдарын мамандық бойынша мемлекеттік кәсіптік білім
берумен келісуге әкелмеуі тиіс. Сондықтан білім берудің әрбір сатысында оқу
маршрутын түзету механизмін қолдану маңызды. Мазмұнның басқа
бөлімдеріне зиян келтірмеу үшін белгілі бір модульдерге білім алушыларды
шектен тыс қатыстырудың нақты қаупі бар. Осыған байланысты оқыту
бағыттары, оның мазмұны әрдайым түзетіледі. Педагогикалық мақсаттылық
идеясын жүзеге асыру бірінші кезекте білім алушының ойлау тәсілдерін
қалыптастыруға бағытталған арнайы психологиялық-педагогикалық дайындық
арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, келесі бөлімде білім менеджерлерінің кәсіби басқарушылық-
ұйымдастырушылық аспектідегі деңгейін қалыптастыру әдістемесін қамтамасыз
етуге бағытталған білім беру мазмұнының перспективалық жұмыс бағыттары
ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: