Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет54/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Курс атауы: Білім беру саясатын талдау. 
Мақсаты – білім алушыларға саясат және ақпараттық-насихаттау қызметі 
мәселелері бойынша саясатты талдау, саясатты модельдеу, коммуникация 
саласындағы саясатты талдау үшін құралдарды ұсыну; білім алушылар 
теориялық білімге, сыни және талдамалық ойлауға, практикалық дағдыларға 
және жүйелі тұғырға, сондай-ақ салыстырмалы әдістерге негізделе отырып, өз 
бетінше және командада саясаттың дәлелденген нұсқаларын әзірлеп, ұсына 
алуы үшін, мамандандырылған және мамандандырылмаған дәрісхананың 
алдында ауызша немесе жазбаша түрде өз тұжырымдарын дәлелді әрі сенімді 
түрде ұсына алуы үшін қажет. 
Оқыту нәтижелері: 
Білім берудің саяси қырларын білу және түсіну, мемлекеттік саясатты, 
саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қырларын, сондай-ақ білім беру 
саласындағы саясаттың мәнін кеңінен түсіну. 
Білім беру саясаты мәселелерін тәуелсіз талдау, талдауды жазбаша және 
ауызша ұсыну үшін қажетті жоғары құзыреттілікпен бекітілген талдамалылық, 
сыни ойлау және жазу дағдыларын дамыту.
 
Магистранттар әлеуметтік және этикалық жауапкершілік қырларын, 
сондай-ақ кәсіби этика нормаларын есепке ала отырып, жаңа және бейтаныс 
немесе көп жоспарлы мәнмәтінде жеткіліксіз немесе шектеулі ақпараты бар 
білім беру саясатының күрделі мәселелерін тұжырымдау, талдау, шешу және 
саяси шешімдер нұсқаларын үлгілеу дағдыларын алады. Жеке және топтарда 
үлгілерді салыстыра отырып, талдай алады, білім беру саясаты мәселелерін 
шеше алады, саяси талдаушы және саяси кеңесші ретінде сөйлей алады. 
Білім беру әдістері.
Білім беру саласындағы саясатты реттейтін 
халықаралық және мемлекеттік құжаттарды талдау; Әдебиет талдауы; 
Басқарылатын пікірталас; Нақты жағдайды зерттеу; Проблемаларды талдау; 
саясатты әзірлеу үдерісін модельдеу; Топтық жұмыс; Салыстырмалы талдау; 
Топтық талқылау. 


163 
Бағалау әдістері.
Алдын ала сынақтан өткізу; Тұжырымдамалық көрініс; 
Жеке немесе топтық көрсетілімдер (салыстырмалы талдау негізінде); Тестілеу; 
Жазбаша түрдегі саясаттың қысқаша тарихы; Портфолионы бағалау. 
Курстың үлгілік мазмұны 
Саяси үдерістер мен саясатты талдау. Мемлекеттік саясат және шешімдер 
қабылдау. Қоғамдық саяси үрдістердің теориялары мен тұжырымдамалары 
және ұтымды таңдау, желілік, өрістік, ағынды, әңгіме, саяси баяндамалар және 
т.б. модельдері.
Саясат және шешім қабылдау модельдерінің кезеңдері. Білім беру 
саласындағы саясатты қоса алғанда, мемлекеттік саясаттың мәнмәтіндігі. Саяси 
партиялардың білім беру бағдарламаларын салыстырмалы талдау.
Саяси талдаудың тұжырымдамасы, түрлері және оның саяси үдерістегі 
рөлі. Саяси талдаушылар және этика. Саясатты талдау құралдары. Зерттеу және 
талдау мақсаты, саяси, ғылыми, талдамалық, журналистік зерттеудің 
мақсаттары мен айырмашылықтары. Жүйелік тұғыр және модельдеу 
тұжырымдамалық талдау құралы ретінде. Жүйелік ойлау архетиптері. 
Талдау әдісі ретіндегі модельдеу. Сызықтық, циклдік заңдылықтар 
моделінің тұжырымдамасы. Саясатты талдаудың техникалық қырлары –
мониторинг, әлеуметтік зерттеулер және бағалау құралдары. 
Білім беру саясатындағы өзгерістер мен шешімдер қабылдаудың талдауы. 
Білім беру жүйесінің теориялық модельдері, жүйе құрылымы. Білім беру 
саласындағы саясатты талдау және білім мониторингі: мақсаты мен ауқымы. 
Сандық көрсеткіш тұжырымдамасы, жобалау ұстанымдары және тәжірибе. 
Нормативтік баға. Тиімділігі. Критерийлерге негізделген сапалы баға. Сапалы 
әңгімелер. Саяси мәселелер және талдау, мәселелерді қалыптастыру және 
іріктеу. Баламаларды әзірлеу, стратегиялық нұсқаларды бағалау, іріктеу 
(таңдау). Саясатты талдау нәтижелерін хабарлау: саясатты зерттеу, мақалалар, 
саясатты қысқаша талдау, саясат жадынамасы, саясат туралы есеп, үлгерім 
табелі, таныстырылым. Зерттеулер мен саясатты жақындастыру. Саясатты 
насихаттау. Қоғамдық-саяси қауымдастық. Мүдделер тобын және желілерді 
анықтау. Саяси идея-дәлелдер мен пікірлерді тарату. Қазіргі білім беру 
саясатының мәселелерін талдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет