Ұлы жібек жолы. Қала мәдениеті:
Орта Азияда, соның ішінде Оңтүстік
Қазақстанда шаһар ҿмірі ежелгі дҽстүрлерге ие. Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ,
Қарахан ерте феодалдық дҽуірінде де кҿптеген шаһарлары болған мемлекеттер еді.
Б.з.б. екінші ғасырдан бастап Шығыс пен Батысты жалғастырған Ұлы жібек жолы
Қазақстан аумағы арқылы ҿтті. Осы жол бойында ірі қалалар бой кҿтерді. Қазақстан
қалаларының ең гүлденген кезеңі IXXII ғғ. болып, бұл кезде олардың саны 56-ға жетті.
Олардың ішінде ең ірілері Сығанақ, Сауран, Ясси, Отырар, Испиджаб, Тараз, Суяб,
Мерке, Қүлан, Баласағұн т.б.
IXX ғасырлар ҽдебиеттерінде араб тіліндегі географияға негізделген Орта Азия
шаһарларын кҿрсету үшін арнайы терминологія құрастырылған. Мысалы:
“Арқ”-
билеушінің түрағы;
―
Регистан
‖-шаһардің ортасындағы Арқ, мешіт, керуен сарай мен базар майданы
орналасқан орталық.
―
Мадина
‖- арабша атау, оның парсы эквиваленті –―
Шаһристан
‖. Бұл создермен
шаһарлардың ең ежелгі бҿліктерін, негізінен арабтар келуінен бүрынғы бҿлімдерін, яғни
―ішкі шаһар‖ды атаған. Онда негізінен халықтың бай-азықты топтары мекендеген.
―
Қӛһандіз
‖-негізінде ―қоһна қорған‖(―құқна құрған‖) – парсы термині;
сонымен бір қатарда ―
қал`а
‖ сҿзі де пайдаланылған. ―
Қал`а
‖ арабша термин. ―
Қал`а
‖-
шаһристанның айналасындағы қабырға, бекініс болып, оның сыртынан үңгір қазылып, ол
сумен толтырылған.
―
Рабат
‖- арабша атау болып, бұл термин ―
шаһристан
‖ды ҽр жақтама ҿрап тұрған
шаһар айналасын білдірген, яғни қаланың сыртындағы кедейлер түратын бҿлігі.
―
Балад
‖- бұл атаумен бүкіл шаһарды, яғни шаһристан жҽне оның айналасын
айқындаған түсінік айтылған.
―
Қақпа
‖- қаланың есігі немесе дарбазасы.
―
Мұнара
‖- қала қабырғасындағы күзетшілер түратын бийік бҿлігі немесе
ортағасырлық қалалардың қорғаныс жүйесіне байланысты қарауыл мұнаралар болған.
Қазақстанның ортағасырлық қалаларының кҿшпелілермен ажрамас байланыста
болғандығы, оларда айырбас сауданың, қҿл ҿнердің дамуына үлкен асерін тіигізді.
Түркі дәуіріндегі рухани мәдениет:
VI-XII ғғ. Қазақстанда ҿмір сүрген ру —
тайпалардың түркі тілінде сҿйлегендігі түркология ғылымында толық дҽлелденген.
Алайда, тіл ғылымының зерттеулеріне қарағанда, негізі түркі тілдес қарлұқтардың,
қыпшақ-қимақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру-тайпалардың
ҿздеріне тҽн диалектілерінің болғандығы анықталған. Араб, парсы жазба деректеріне
қарағанда, қарлұқ тайпаларының тілінде кейбір айырмашылықтар байқалады. Егер,
Орта Азия
(Фергана) жеріндегі қарлұқтар қағанды "Ябғу" десе, ал Алтай-Сібір жағындағы
қарлұқтар "жағбу" деп атаған. Бірақ олар бір-бірін түсінген.
Түркі тілдес жазулар тіл ғылымында "руна" жазуы деп аталған. Ол Скандинавия
халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сҿз. Бұл жазудың оқылу
сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімінің ғалымы Дания университетінің
профессоры В. Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог
ғалым В. Радлов болды. Сҿйтіп, ХIХ ғасырдың аяғында руна жазуының қүпия сырының
ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да ҿздеріне тҽн жазуларының болғандығын
кҿрсетеді.
Түркі жазуларын бізге жеткізуде С. Аманжолов, Р. Мұсабаев, Р. Айдаров, А.
Аманжолов, К. Ҿмірҽлиев, М. Жолдасбеков сияқты ірі ғалымдардың еңбектері ерекше.
Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 ҽріптерден тұрады. Кейбір ғылыми
пікірлерге қарағанда, кҿне түркі жазуының пайда болуына соғди ҽріптері ҽсер еткен.
Түркі дҽуірінен қалған атақты "Күлтегін", "Білге қаған" сияқты тамаша жазылған
дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ
халқы ол дастандарды ҿздерінің тҿл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы
жазылған ҽдет-ғұрып, салт-сана, діни наным-сенім, мақал-мҽтел, батырлық жырлардың
үлгілері, бҽрі-бҽрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай, ұқсас. Бұл мұралар қазақ
халқының автохтонды екендігіне дҽлел.
Тұркі дҽуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан жҽне бір байқалатыны ҿздері мекен
еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білуі. Кҿшпелі ҿмірге байланысты мал
шаруашылығының, табиғаттың жылы-суықтығы ескеріліп отырған.
Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының
түркілер арасында ене бастағандығын кҿрсетеді.
Түркілер арасынан атақты ғалымдар, ақын-жазушыларымыз Ҽл-Фараби,
Ж.Баласағүн, М. Қашғари, А. Яссауилер ҿз шығармаларын араб жазуымен түрік тілінде
жазған. Ал, ХII ғасырдан бастап түрік жазуы қолданыстан шыға
бастайды. Дүние жүзіне
ҽйгілі болған жерлесіміз Ҽл-Фарабидің (870-950) кҿптеген еңбектері араб тілінде
жазылған. Оның ғылымның ҽртүрлі салаларына арналған 160 тан астам енбегі бізің
заманымызға дейін сақталып қалған.
ХІ ғасырда түрік халықтарыньң аса кҿрнекті ғалымдарының бірі Махмуд Қашғари
(1030-1090). Ол ҿзінің "Диуани лүғат ат-түрік" енбегінде ҿз заманындағы ру-тайпалардың,
тілдеріндегі айырмашылықтарды салыстыра отырып зерттелген алғашқы тіл біліміндегі
еңбегін қалдырған.
ХІ ғасырдың аса кҿрнекті ғалымдарының бірі Жүсіп Баласағұн (1021-1075). Ғалым
ҿзінің атақты дастаны "Қүтадғу білік" (Құтты білім) еңбегімен белгілі. Қарахан билеушісі
Қадырханға арналған дастанды ол 1069 жылы жазып бітірген. Қадырхан оған Хас
Хаджиб атағын берген.
Онда: ―
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
‖-деп жазылған.
Онтүстік Қазақстан жерінде Түркістан қаласының аймағында туып оскен, аты
Қарахан мемлекеті халқының арасында ҽйгілі болған ғалым Ахмед Иугінаки. Оның бізге
жеткен атақты енбегі "Ақиқат сыйы" (Хиботул-хақайық). Бұл дастанда халықты инабатты
болуға, адал ҿмір сүруге, арамтамақтан аулақ болуға, имандылыққа шақырады.
Білімділікке, ҽдепті болуға үндейді:
Білікті білім жинап, кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып ӛсіп ӛтер.
Білдірер білім елге білім сырын
Біліксіз білімді аттап,басып ӛтер,
-
деп білімді адамдар мен білімсіз адамдар арасындағы айырмашылықты орынды, дҽл
сипаттайды. Ал, шешен сҿйлеуге орынсыз кеңес бергенде былай дейді:
Сӛз есенсіз — тіліңді тый, тарт, ұста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр түста.
Есепті сӛз — ер сӛзінің асылы,
Мыжың тілді "жау" деп ұғын тартыста
, -
деп кҿп сҿзді, мылжың болмауға шақырады.
Тарихта түркілер ҽлемінде аты ҽйгілі болған ислам дінінің ҿкілі, сопылық-
мистикалық ағымның басты бір ҿкілі Қожа Ахмет Яссауи. Оның "Диуани хикмет"
(Даналық кітабы) бізге жеткен. Тағы да бір сол ағымның жолын қуған ақын Хакым ата
аталған Сүлеймен Бақырғани. Ол ҿзінің нақыл сҿздерін қара сҿзбен де жазған. "Бақырғани
кітабы‖ тілі жатық, қарапайым халыққа түсінікті, діни нанымға байланысты болды.
Хакім ата "Ақыр заман", "Бибі Мария" кітаптарымен танымал болған. Бұл еңбектер
ҿз заманына сай діни сарынмен жазылған, халықты имандылыққа шақыру.
ХIII ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің кең түрде етек жая
бастауына байланысты Ҽли ақынның "Жүсіп-3ылиқа" атты поэмасы жарық кҿрген. Бұл
еңбектің сарыны дінді уағыздау.
Сонымен, VI-ХI ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ, оғыз,
қарлұқ, ұйғыр тілдерінде сҿйлеп, осы тілдерде тарихи - ҽдеби шығармалар қалдырған.
Қорытынды
: ХIII ғасырдың басында Шыңғыс ханның найман, керей тайпаларын
талқандауы Қазақстан жеріндегі түркі дҽуірінің құлаған кезі болып табылады. Шыңғыс
хан Жетісу жерін алған соң
,
біртіндеп Қазақстан жерін басып алады. Бұл аймақтағы түркі
тілдес тайпалардың арасындағы саяси, экономикалық жҽне мҽдени байланыстар үзіліп, бір
жерден екінші жерге қоныс аудару басталады, бұрыннан қалыптасқан территориялық
байланыстар да үзіліп, бірыңғай қалыптаса бастаған тіл байланыстары жойылып,
халықтың қалыптасу кезеңі бұзылады. Қазақ жері моңғол үстемдігінің қол астында 200
жылдай қиын кезеңдерді басынан ҿткізген.
Бұл кезең түркі тайпалардың ұлт болып қалыптасу кезеңін кешіктірді. Бірақ,
мемлекеттік
қүрылымдардың
дамуына
ҿз
ҽсерін
тигізді.
Әдебиеттер
:
1.
Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том. –Алматы, 1996.
2.
Жолдасбайұлы С. Ежелгі жҽне орта ғасырдағы Қазақстан. – А., 1995. –176 бет.
3.
Ҽлиев Ҿ.Ҽ. Ерте ортағасырлық Маураннаһр шаһарларының ҽлеуметтік-
экономикалық эволюциясы.//Қазақстан археология зерттеулері.-А.,2002, 225 бет.
4.
Елеуов М., Қалиев С. Ортағасырлық Тараз қаласы аймағының қарауыл
мұнаралары.// Қазақстан археология зерттеулері.-А.,2002, 154-155 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |