Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Әбілқайыр хандығы /Көшпелі өзбектер мемлекеті /



Pdf көрінісі
бет19/75
Дата01.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#121347
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

 Әбілқайыр хандығы /Көшпелі өзбектер мемлекеті /. 
ХV ғасырдың 20-жылдарының аяғында Ақ Орданың далалық аумағының үлкен 
бҿлігінде ХIV ғасырдың ҿзінде-ақ біріккен, Орда Ежен мен Шайбани үрпақтары 
билігіндегі халық (үлыстар) пен жерде (жұрт) билеуші ҽулет алмасады: Шыңғыс 
ұрпақтары мен кҿшпелі шонжарлардың қиян-кескі күресінің нҽтижесінде билік Орда 
Ежен мұрагерлерінен Шайбани мұрагерлеріне ауысады. Бұл күрестің пайда болуы мен 
етек алуына саяси жҽне ҽлеуметтік – экономикалық сипаттағы кҿптеген себептерге 
байланысты Ақ Орданың ҽлсіреуі мен құлдырауы себепші болды. Алғашқыларының 
арасындағы ең бастылары ХIV ғасырдың екінші жартысынан бастап жалғасып келе 
жатқан Алтын Орданың ыдырауы мен ҽмір Темірдің жҽне Темір ұрпақтарының 
агрессиялық саясаты болатын. Екіншілерінің арасында Сырдариядағы қалалардың қолдан 
шығарылуы аса маңызды орын алды. Ортағасырлық авторлардың бірі Махмұд ибн Уҽли 
Ақ Ордада Шайбани ұрпақтарының билік басына келу фактісін жалпы Алтын Орданың 
күйреуімен орынды байланыстырады. 
Ақ Орда хандарынан айырмашылығы – Шайбани ұрпақтары Орда тағы үшін жан 
аямай, ҿздерінің материалдық жҽне адам ресурстарын ысырап еткен жоқ, олардың Темір 
мен оның мұрагерлерінің басқынышылық дҽмелеріне тойтарыс беруіне де тура келмеді, 
ҿйткені Темір үрпақтарын бұл ауданда кҿшіп жүретін даладан гҿрі бірінші кезекте 
Сырдария аңғарындағы бекініс – қалалар қызықтырған еді. Осының бҽрі Шайбани 
ұрпақтарына Орда Ежен мен Тоқа Темір ҽулетінен ҿрбіген хандарға қарама-қарсы Ақ 
Орда аумағында билік ету құқығын білдіру жҽне Шығыс Дешті Қыпшақ пен кейініректе 
Түркістанның саяси картасын ҿзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етті. Ақ Орда аумағының 
далалық бҿлігінде бастапқыда екі саяси бірлестік нығаяды. 
Олардың біріншісі – ертеректе Жайықта жане оның батысына қарай Еділге дейін 
дерлік, ал солтүстік – шығыс жағында Тюмень бағытында оқшауланып шыққан Ноғай 
(Манғыт) Ордасы. 
Екіншісі, Жайықтың шығыс жағында, Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл 
мен Есілдің жоғарғы ағысында, ауелі 20 – жылдарда кҿптеген Шайбани ұрпақтары 
күшейді. 
ХҮ ғасырдың бірінші ширегінде Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында тұтанған соғыстар 
мен талас-тартыстар Шайбани ұрпағы, Даулет Шайхтың баласы Ҽбілқайырды жоғары 
кҿтерді. Хижра бойынша 833 жылы (1428-1429) Ҽбілқайыр Тура оңірінде (Батыс Сібір) 
хан деп жарияланды. Ол сонда 17 жаста болатын. Оны рулар мен тайпалардың 200-ге 
жуық ірі ҿкілдері қолдаған. Ҽбілқайыр хан Шайбани ұлысында билік басына 
тайпалардың едҽуір бҿлігінің – қыпшақ, найман, манғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, 
ұйылын, күрлеуіт, кенегес жҽне басқа тайпалардың билік етуші үстем таптарының 
қолдауымен келсе де, ол билеп-тҿстеген бүкіл қырық жыл ішінде (1428-1468) оның 
мемлекетінде талас-тартыс толастаған жоқ. Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси 
жағынан бытыраңқы болып қала берді. Шайбани тағынан басқа бір үміткер Махмұд Қожа 
ханды (1430 жылғы Тобылдағы шайқаста), содан соң ҽмір Едігенің немересі, манғыт ҽмірі 
Уақас биді жҽне басқа да қарсыластарын талқандап, Ҽбілқайыр хан Орда Еженнің Ертіс 


пен Солтүстік-Батыс Балқаш ҿңіріне дейінгі бұрынғы ұлысының далалық аумақтарын ҿз 
иеліктеріне ХҮ ғасырдағы 40-жылдардың ортасына қарай ғана қосып алды. Ақ Орда 
хандары ұрпақтарының билігі сақталып қалған Ақ Орда жерінің оңтүстік аудандарын – 
Сыр ҿңірін, Қаратау аудандарын бағындыру Ҽбілқайырдан мейлінше кҿп күш жігер мен 
уақытты талап етті, ал Сырдарияның тҿменгі ағысында, Солтүстік Арал ҿңірі даласында, 
Жем жҽне Жайық ҿзендері аралығында, Қожа Тархан ауданында дербес иеліктер – Кіші 
Мұхаммед ханның ұлдары Тоқа Темір Ахмед хан мен Махмуд хан ұрпақтарының 
ұлыстары сақталып қолды. Генеалогиялық тармағы бойынша олар Ұрұс хан мен Барақ 
ханның ұрпақтарымен байланысты болатын. 
Ұрұс хан мен Барақ ханның үрпақтары Керей жҽне Жҽнібек сұлтандар 20-жылдарда Ақ 
Орданың Барақ ханның билігі мейлінше берік болған жҽне одан кейінгі жиырма жыл 
ішінде Ҽбілқайыр хан ілгерілеп бара алмаған нақ сол оңтүстік бҿлігін мекендейтін. Олар 
осы аумаққа Барақтың билігін мұраға алған еді. Ахмед хан мен Махмуд ханға олардың 
жерлерінен Ҽбілқайырдың дҽмеленуіне қарсы күресінде одақтастар болатын. 
Тоқа Темір ҽулетіне қарсы жорыққа Ҽбілқайыр кҿп ҽскер жиды. Оның бұл жорыққа 
алып шыққан ҽскер басыларының тізімінде манғыттардан, бүркіттерден, қияттардан, 
қоңыраттардан, қытайлардан, таңғұттардан, үйғырлардан, дұрмандардан, шымбайлардан, 
үйсіндерден, наймандардан, кенегестерден шыққан ҽмірлер кездеседі. Ҽбілқайырдың 
тҿменгі Сырдария аймағына жорыққа шығуының басты себебі ҽулеттік күрес қана емес, 
сонымен қатар Сырдария мен Арал жағалауы тҿңірегінен қысқы жайылымдық алу 
қажеттілігі еді. Сырдарияның тҿменгі сағасына иелік кҿшпелі мемлекеттің қуатын 
арттыру үшін аса қажетті Түркістан қалаларына жол ашатын. 
Шайқас 1431 жылы Екіретүп деген жерде болды. Ма,суд бен Усман Кухистанидің 
айтуы бойынша Тоқа Темір ҽулеті тас-талқаны шығып жеңілген, Махмуд хан мен Ахмед 
хан жоғары ҿкімет пен мемлекетке деген пығылдарын біржолата ұмытып, соғысудан бас 
тартып, тырағайлап қашты.
Ҿзінің тарихшысы тҽптіштеп жазған Ҽбілқайырдың келесі жеңісі 15 жыл ҿткен соң, 
1446 жылы Атбасар маңында болған. Ол бұл жолы Мұстафа ханды тас талқан еткен. 
Далалық аудандарда билігін нығайтып алған Ҽбілқайырхан ҿзін қолдаған кҿшпелі 
феодал ақсүйектердің кҿңілдерінен шығу үшін, жаңа жерлерді басып алды, бағындыру 
мақсатымен оңтүстік аймақтар мен елдерге ҽскери жорықтарға шыға бастайды. Ол 1430 
жылы қысқа мерзімге Хорезмді басып алды, Үргенішті тонады. 1446 жылы Ұлықбектің 
тақ мұрасы істерімен Мауараннахрдың оңтүстігі мен Хорасанға кеткенін білген 
Ҽбілқайыр жазғы кҿші-қонысын (яйлақ) қоя тұрып, Самарқанд пен Бұхараға тап берді. 
Олардың тҿңірегіндегі жерлерді тонап, бұған қоса Ортаңғы Сырдарияның бірқатар 
қалаларын басып алды. Сығанақ ҿз еркімен берілді. Аққорған да, Аркҿк те, Созақ та, 
Үзкент те жаулап алушылардың алдында бас иді. 
Деректемеде бұл қалалардың кімнен тартып алынғаны туралы ештеңе айтылмайды. 
Оның бір бҿлігін ҿз дұшпандары Ақ Орда хандары ұрпақтарынан, екіншісін Темір ҽулеті 
мирасқорларынан алуы да мүмкін.
Ҽбілқайыр Дешті Қыпшақтағы ҿз жақтастарының қыруар күшіне, далаға жиырма жыл 
бойы үстемдігін жүргізген ҿз қуатына сүйенгендіктен де Сырдария қалаларын тез басып 
алды. 
Қалалар ҽмірлер мен сүлтандардың басқаруына берілді: Созақ ҿзіне қарасты барлық 
жерлерімен Бақтияр сұлтанның (ол 1451 ж. Қалмақтарға қарсы шайқаста қаза тапқан соң, 
Созақ оның ұлы Ҽлеке сұлтанның билігіне кҿшті), Сығанақ – Маке оғлан табғұттық, ал 
Үзгент – Уақас би манғыттың қол астында болды. Отырар, Ясы, Сауран мен Сайрам 
Ұлықбек мирасқорларының, кейін басқа Темір ҽулетінің (Абдаллахтың, Ҽбу-Са,идтың) 
қарамағында қалды. Сығанақ Ҽбілқайыр ханның астанасына айналды. 


Ҽбілқайыр ханның Сырдария бойындағы аймақтарға бет бұруы ҿзара ағайындас 
Шайбаны үлысы мен Орда ұлысы тайпаларының арасындағы қырғи қабақ қатынастарды 
бұрынғыдан бетер шиеленістіре түсті. Ҿйткені Ҽбілқайырдың қалалар мен оның 
тҿңерегіндегі алқаптарды алуы Жҽнібек пен Керейдің жҽне оларға тҽуелді, Сырдария 
бойы мен Қаратау ҿңірінде кҿшіп-қонып жүрген қазақтардың мүдделеріне қайшы келді. 
Бұл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сұлтандары мен оларға қарасты 
рулар мен тайпалардың кҿшіп кетуіне ҽкеліп соқтырған аса маңызды себеп болды.
Шыңғыс аулеті арасындағы толассыз қырқыстар мен алауыздықтар, рулар мен 
тайпалардың кҿшпелі ақсүйектерінің оқшаулыққа ұмтылуы(сепаратизмі), феодалдық 
жоғары топтар мен қатардағы кҿшпелі жҽне жартылай кҿшпелі бұқара арасындағы 
қайшылықтардың шиеленісуі, ішкі жҽне сыртқы соғыстар мемлекеттің шаңырағын 
шайқалтып, күйреу дҽрежесіне жеткізген еді. 1468 жылы Жетісу жорығы кезінде 
Ҽбілқайыр қаза тапты. Қазақ хандығының құрылып, нығаюына байланысты Шайбани 
ҽулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Ҽбілқайыр ханның немересі 
Мұхаммед Шайбани Мауараннахрға жорықпен барып 1500 жылда Самарқандды жаулап 
алды, ал 1501 жылда Ҿзбек хандығын құрған. Сҿйтіп, қазіргі Ҿзбекістан аймағында 1501-
1599 жылдар «Шайбанилар» дҽуірі болып тарихқа енген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет