Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет16/75
Дата01.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#121347
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

 

Монғолдар жаулап алуының ауыр зардаптары уақыт ҿте келе біртіндеп жойыла берді. 
ХIV ғасырда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында қала мҿдениеті, егіншілік, 
қолҿнер ҿндірісі жандана түсті. Қазақстанның орталығындағы далалық ҿңірі мен 
Жетісудің Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азия жазираларымен сауда байланыстары 
қалпына келтірілді. 
Шаруашылықтың жаңғыруы, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында 
жергілікті түрік жҽне түріктеніп кеткен феодалдық үстем таптың жағдайы күшейе түсті.
ХIV ғасырдың басында Жошы ұрпақтары иеліктерінің Еділ бойындағы даланы, Еділдің 
батыс жағындағы жерлерді, Қырымды, Солтүстік Кавказды жҽне Хорезмнің солтүстік 
бҿлігін қамтыған батыс бҿлігі (оң қанат) бұрынғысынша Алтын Орданы құрады; Жошы
ұлысының қазіргі Қазақстанның (Жетісуды қоспағанда) Жайық ҿзенінің шығыс 
жағындағы жҽне Арал теңізі мен Сырдарияның солтүстік жағындағы кеңбайтақ аумақты 
қамтыған шығыс бҿлігі (сол қанат) Ақ Ордада Орда Еженнің ұрпақтары билік құрды. 
Ұлыстың екі бҿлігінде де Жошының 13-шы ұлы Тоқа Темірдің ұрпақтары билік етті.
Орда Еженның иеліктері мен Алтын Орданың арасында орналасқан Қазақстан 
аумағы Шайбани ұрпақтарына бағынышты болды. ХIV – ХV ғасырдың басында бұл 
аумақты шығыс авторлары бірде Ақ Орда, бірде Кҿк Орда деп атайды. 
Ақ Орда – монғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық 
негізде құрылған тұнғыш ірі мемлекеттік құрылым. Оны осы жерлерде ежелден мекендеп 
келе жатқан жҽне монғолдардың жаулап алуынан кҿп бұрын-ақ қыпшақ бірлестігінің 
құрамына кірген, сондай-ақ Шыңғыс-ханның шапқыншылығы кезінде Қазақстанның 
шығыс жҽне оңтүстік-шығыс аудандары мен Алтайдан қоныс аударған түрлі тайпалар 
мекендейтін еді. Онда қыпшақтармен қатар қоңыраттар, наймандар, қарлұқтар, 
маңғыттар, үйсіндер, керейіттер (керейлер) жҽне басқалар болды. 
Мұсылман ҽулеттерінің хронологиялық кестелерінде Ақ Орда хандарының есімдері 
мынадай ретпен келтіріледі: Орда-Ежен, Сартақ, Қоныша, Байан, Сасы-Бұға, Ерзен, 
Мүбҽрек, Шымтай, Ұрұс хан, Қойыршақ жҽне Барақ. 
ХIV ғасырдың бас кезінен Орда-Ежен ұрпақтарының Сыр ҿңірінің қалалары мен 
Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күресі жүргізілді. Сонымен бірге 
далалық аудандардың кҿшпелілері мен жартылай кҿшпелілерінің жҽне Сыр ҿңірі 
жазирасының отырықшы аудандарының халқы арасындағы сауда-экономикалық 
қатынастарды қалпына келтіру күшейді. Ақ Орда билеушілерінің ҽкімшілік орталығын ҿз 
иеліктерінің оңтүстік шет жағына, яғни Сығанақ қаласына кҿшіруі кездейсоқ емес. 
Ақ Орда хандары Ертістен Сырдарияға, Алтайдан Ұлытау мен Аралға дейінгі кең 
далада экстенсивті мал шаруашылығын сақтап, ұстана отырып жҽне дҽстүр бойынша 
жазғы жҽне қысқы жайылымдарға кҿшіп-қонудың қалыптасқан тҽртібін орнықтырып, 
Сырдарияның орта ағысының, Таластың, Шудың отырықшы-егіншілік жазиралары мен 
Ұлытау даласында шаруашылық жҽне мҽдени ҿмірді қалпына келтіруге қадамдар жасады. 
Мүъин ад-дин Натанзи Ақ Орда хандарының бірі Ерзеннің Сығанақты кҿркейтіп, 


Отырарда, Сауранда, Жентте, Баршыкентте біраз үйлер салдырғанын хабарлайды. ХIV 
ғасырда Ақ Орда хандары теңгелерді енді тек ҿз атынан соқтырды. 
Оңтүстік Қазақстанағы астанасы Сығанақты Ақ Орданың орталығына айналдыру
Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланыстардың кеңеюіне 
жҽрдемдесті. Бұл байланыстарға Алтын Орданың орталығы – Еділ бойында қала ҿмірінің 
тіршілігін тоқтатуы мен сауда жолдарының ҿзгеруі едҽуір ҽсер етті. 
Түрік жҽне түріктеніп кеткен жергілікті феодалдық үстем таптың экономикалық 
жҽне саяси жағдайының нығаюы негізінде Ақ Орда билеушілері Мүбарак Қожа ханнан 
(1320-1344) бастап, Алтын Ордадан біршама болса да тҽуелсіз бола бастады. 
Жҽнібек хан (1342-1357) қайтыс болғаннан кейін Алтын Ордада кезекті аласапыран 
кезең мен сарай тҿңкерістері басталды, олардың ҽрқайсысы ҿз теңгелерін соқтырды. 
Бытыраңқылық сарыны күшейіп, тҽуелсіз иеліктер құрыла бастады, оларды ҿз 
билеушілері басқарды. Алтын Орда мемлекетіндегі жоғарғы билік жолындағы күреске сол 
қанаттың феодалдары белсене қатысты жҽне Қызыр ханнан (1359-1361) бастап, Алтын 
Орда тағына бірінен кейін бірі, ал кейде бір мезгілде Жошы ұрпақтарының шығыс 
тармақтарының ҿкілдері, атап айтқанда, Темір – Қожа, Орда-Шейх, Мүрид жҽне басқалар 
кҿтерілді. Ақ Орданің үстем табы Алтын Ордада қалыптасқан жағдайды пайдаланып,
Жошы ұлысының екі бҿлігін де саяси жағынан тұтас етіп біріктіргісі келді. Бердібек хан 
ҿлгеннен кейін Сарай тағына отыруға Ақ Орда ханы Шымтай (1344-1361) ресми тұрде 
шақырылды, ол шақыруды қабылдамады, бірақ оның балалары, ҽсіресе Ұрұс хан Алтын 
Орда тағы ұшін кұреске белсене қатысты. 
Ұрұс 1368 жылы Ақ Орда ханы болды. Қадыр-Ҽли Жалаири, Муъин ад-дин Натанзи 
оны батыл мінезді, күшті ҽрі құдіретті билеуші деп сипаттайды. Шығыс Дешті Қыпшақта 
жергілікті мемлекеттік ҽсіресе Ұрұс хан кезінде нығайды. Ұрұс хан, одан кейін Ақ Орда 
(Ҿзбек ұлысы) тағына Ҽмір Темір отырғызған Тоқтамыс та Алтын Орданы қалпына 
келтіруге тырысты, бірақ соншалықты табысқа жете алмады; бұл жаулап алынған 
кҿптеген елдер мен халықтардың орасан зор бірлестігінің заманы ХV ғасырдың бірінші 
жартысында біржола күйреп тынды. Шығыс Дешти Қыпшақта дербес, берік этникалық 
негіздегі мемлекет күш ала берді, дегенмен онда да ҽулеттер алмасты: билік Орда – 
Еженнің ұрпақтарынан Тоқа-Темірдің ұрпақтарына (Тоқтамысқа) кҿшті; сонан соң 
қайтадан Ұрұсханның мұрагерлері қайтарып алды, Шайбани ұрпақтарына ауысты.
Негізінен Шайбани ұрпақтары дҽріптелетін деректемелерде Ұрұс хан мен оның ең жақын 
бабалары Жошының 13-шы ұлы Тоқа – Темірден тараған деп кҿрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет