біріктірген Ақ Орда халқының, ал кейіннен Ҽбілқайыр хандығы халқының да едҽуір
бҿлігін құрады. Этногенездің қорытындылаушы кезеңінде қыпшақтардың қазақ халқының
құрылуында ерекше маңызды роль атқарғаны табиғи нҽрсе.
Қазақ халқының құрамына енген елеулі этникалық топтардың бірі қоңыраттар
болды. Зерттеушілердің болжамы бойынша, олар ҽуелде монғол тілінде сҿйлеген, бірақ
кейін тек ҿз атын ғана сақтап түрік тілді халықпен араласып, олармен сіңісіп кеткен.
Қоңыраттар XIV-XV ғасырларда Түркістан мен Қаратау аймақтарында қоныстанды.
Қазақ халқын құруға қатысқан ірі этникалық компонент XIV-XV ғасырларда
Ертістен батысқа қарай Орталық Қазақстанды, ішінара Сырдарияны жҽне Батыс Жетісуды
мекендеген арғындар болды. Қазақ халқының құрамына керейіттер де енді, осының
ҿзінде олардың басқа тайпалық бірлестіктермен жақындасу процесі олардың орналасу
сипатына қарай ҿзіндік ерекшелікпен ҿтті: керейіттер XIV-XV ғасырларда Жетісуда жҽне
Тарбағатайда, сондай-ақ Ертіс бойында Зайсан кҿлінен Ом жҽне Тобыл ҿзендеріне дейінгі
ҿңірде ҿмір сүрді.
Қазақтар этногенезі түйіндерінің бірі Қазақстанның оңтүстік-шығысы болды. Мұнда
ең ірі тайпалардың қатарында орта ғасырлық деректерде дулат,қаңлы, керейіт, аргинут,
қарлұқ, барлас, бұлғашы жҽне басқа тайпалар аталған. XIVXV ғасырларда дулаттар Шу,
Іле, Талас ҿзендерінің аңғарларында, Ыстықкҿлден оңтүстікке қарай, сондай-ақ Оңтүстік
Қазақстанда мекендеді. Батыс Жетісуда, Орталық жҽне Оңтүстік Қазақстандағыдай
қаңлылардың едҽуір тобы ҿмір сүрді. Рашид ад-диннің мҽліметі бойынша, Қаратау мен
Орта Сырдария бойындағы секілді Жетісуда жалайырлар да ҿмір сүрген.
Сҿйтіп, монғол басқыншылығына дейін жҽне одан кейін Қазақстанда шапқыншылық
зардаптарына, ұлыстардың құрылуына, феодалдық тартыстарға байланысты халықтың
барлық кҿшіп-қонуларына қарамастан, этникалық процестердегі ҿскелең, интеграциялану
бағыты біртіндеп басым бола түсті де, қазақ халқы негізінен кҿпшілігі автохтонды болған
осы территорияның тұрғындарынан құралды.
Қазақ халқының құрылу процесі этникалық территорияның қалыптасуы- мен қатар
жүрді. Кҿшпелі тұрмыс жағдайында экстенсивті мал шаруашылы ғы басым болған кезде
ру-тайпалар топтарының мекендеу шекаралары тиянақты болмағаны түсінікті, дегенмен
этникалық интеграцияның барысында олар бірден-бірге айқын, біршама тұрақты бола
бастады. Кҿптеген этникалық-саяси жҽне шаруашылық факторлардың ҽрекеті
нҽтижесінде Қазақстан территориясында негізгі үш этникалық-территория лық
бірлестіктер Ұлы жүз, Орта жүз жҽне Кіші жүз пайда болды.
Ұлы жүз негізінен Сырдарияның жоғарғы ағысынан Жетісуды қоса алғанға дейінгі
территорияны, Орта жүз негізінен Сырдарияның орта ағысынан бастап Орталық
Қазақстан жҽне Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бҿлегін, Кіші жүз Сырдарияның
тҿменгі ҿңірін, Арал теңізі жағалауын, Каспий маңы ойпатының солтүстік бҿлегін
мекендеді.
Достарыңызбен бөлісу: