жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай
шектеушілікті алып тастауы болды.
Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі жҽне ұзаққа
созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мҽдениетте де
мамандар санының ҿсуінен кҿрінгені күмҽнсіз. Оның барысын отаршылдық режим
жағдайлары, патша ҿкіметінің бағындырылған халық жҿніндегі кемсітушілік саясаты
тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы халықтың
интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең болып табылады.
ХХ ғасыр басындағы дҽуір шеңберінде қазақтың алдыңғы қатарлы жастары оқу-
білімге кҿптеп, шын ынтамен ағылып келе бастады. Олар сол кезеңдегі Ресейдегі
ҿнеркҽсіп, ғылым мен мҽдениеттің кҿрнекті орталықтары Санкт-Петербургте, Мҽскеуде,
Казанда, т.б. қалаларда орта жҽне жоғары оқу орындарында оқып білім шыңдады.
Сонымен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана Петербург
университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыған. Б. Қаратай, Б. Құлман, Б.
Сыртанұлы, А. Тұрлыбайұлы, М. Шоқай, Ж. Ақбайұлы жҽне басқалар. Сондай-ақ, Мҽскеу
мен Санкт-Петербургтың басқа жоғары оқу орындарын Ҽ. Бҿкейхан, Х. Досмұхамедұлы,
М. Тынышпайұлы сияқты қазақ жастары бітірген. Яғни, қазақ зиялыларының басым
кҿпшілігі Ресейдің бас қалаларында жҽне сол сияқты Қазақстанмен кҿршілес Омбы, Том,
Орынбор, Ташкент, Саратов, т.б. қалаларында оқып, алғашқы саяси ҽрекеттерге сол
жерлерде араласып, қоғамдық-саяси кҿзқарастарын қалыптастыра бастады. Оқып-тоқып,
қоғамдық сана-сезімі байи түскен ХХ ғасыр басындағы қазақ жастары қай жерде жүрсе де,
қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы ойлануды бір сҽт те ұмытқан
жоқ. Қазақ халқының Ресей патшасы үкіметінің тұсындағы ҽлеуметтік-саяси саладағы
теңсіздік жағдайын танып- білген сайын іштей де, сырттай да шешуші қадамдар жасауға
бекініс жасап отырды. Ол үшін қазақ халқының Ресей қоғамында ҿзге халықтармен қай
салада да тең орын алуына жетісуі ҿте-мҿте қажет деп бекінетін ілгергі лектегі қазақ
жастары. Ал бұл мақсатқа жету үшін байтақ қазақ жерін мекен еткен қандастарымыздың
қоғамдық сана-сезімін оятып, оларды ҽлеуметтік міндеттерді (жер-су дауы, т.б.) шешуден
гҿрі біртіндеп болса да саяси күрестерге шыңдау қажет деген қорытындыға тоқтады.
Қазақ халқының орта ғасырлық мешеуліктен жаңа заманның кҿшіне еріп,
ҿркениетті елдермен терезесі теңесуі үшін оқу-ҿнердің ауадай қажеттігін санасына сіңіру
– кезек күттірмес міндет ретінде күн тҽртібіне қойылды. «Айқап» журналы мен «Қазақ»
газетін саяси мінбеге айналдырып, ұлт зиялылары халқына дҽріс берді. Ҽлихан Бҿкейхан,
Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай,
Мұхаметжан Тынышбайұлы сынды саяси-рухани кҿсем тұлғалардың отты мақалаларынан
күш алып, жігерін жаныды.
Сол тұстағы қазақ зиялыларының кҿпшілігі жоғары оқу орындарының заң
факультетін бітіріп, құқ туралы терең білім алу арқылы жерін, елін заңсыздықтан
қорғамақшы болды. Ал бұл тұста қазақ даласында зорлық-зомбылық күшті белең алып
тұрды. Қазақтың жер қайыстырған малы мен тасыған дҽулеті оның кҿбеюіне себепші
болған құнарлы жері ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Қараңғы халық
заңсыздықтан азап шекті. Осындай жағдайда заңды білуге ұмтылу жұрттың алдына
қойған үлкен арман- мақсат болды.
Достарыңызбен бөлісу: