Оқу мақсаты 11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның
қарым-қатынасын
ескере
отырып,
талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда
бағалау;
11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу
мәнеріне сай қолдану.
Бағалау критерийі Білім алушы
мәтінде көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның қарым-қатынасын ескере
отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады.
Көтерілген мәселеге сыни тұрғыда
баға береді.
сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай қолданады.
Ойлау дағдысының деңгейлері Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма . Берілген мәтін бойынша көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақ құрастырыңыз.
Сайып келгенде, сарапшылар мен жастардың көзқарасы бір арнаға тоғысып
тұр. Жастарды мұнда ұстап тұрудың бірінші жолы – еңбекақы, жайлы жұмыс.
Оған баспананың жоқтығын қосыңыз. Жемқорлық факторы да аяқтан тартады.
Бұған елдегі білім жүйесінің сәт сайын реформалануы да жастарды қыр асыруға
жол ашып жатыр. Мұхит асып, жыраққа кеткен қазақ жастарының елге оралу не
оралмауын әрбір түлек өзі шешеді. Алайда ел ішінде білім алып, биікке
көтерілген дарындылардың өзге елдің түтінін түзу етіп, жат жердің табысын
еселеуі қазақ интелегенциясын алаңдатады. Жаһанның жуан елдеріндегі жағдайға
еті үйреніп қалған жастардың ішінде де Отанына оралып, адал қызмет атқарып
жүргендері қаншама. Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің бірнеше жыл
бұрын жүргізген статистикасына көз салсақ, жастардың 23,7 пайызы Ресейге
немесе жақын шетелдерге, әсіресе ТМД елдеріне кетуге ұмтылады екен. Ал алыс
шетелге шығып, сонда тұруға ықылас танытқандар қатары 13,8 пайызға жетіп
жығылған.
Түйін. Жалақысы жоғары, мәртебесі биік маман иесі болуға әркімнің таласы
бар. Шартараптың мойындалған білім жүйесіне мойынсұнатын қазақ жастарының
білім жолында ізденіп жүргендері көңіл қуантады. Бірақ қазақ қоғамын
алаңдататыны – қазақ жастарының шетелдің азаматтығын алып, сонда тұрақтап
қалуы. Мықты мамандар өзімізге керек, ал оларды ұстап тұрудың тетігін табу
адами капитал сапасына мән беретін кезеңнің жеткендігін ұғындырып тұр.
1-сұрақ: .........................................................................................................
2-сұрақ: .............................................................................................................
3-сұрақ: ..........................................................................................................