Сіби білім беру


Астауша және қораптарға сымдар мен кабельдерді төсеу



Pdf көрінісі
бет109/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Астауша және қораптарға сымдар мен кабельдерді төсеу. 
Электр сымдары жоба және алдын ала өлшеу негізінде 
шеберханаларда дайындалады. 
Трасса бойынша астаушаларды орнатқаннан кейін келесі 
тәртіпте шеберханаларда немесе тікелей нысандарда дайындалған 
сымдарды оларға төсеу жүргізіледі: көтеру, астаушаға дөңгелету 
және төсеу; астаушаға төсеу және бекіту; байланыстыру мен 
тармақтауды орындау. 
Сымдар және кабельдер бұрыштарға және биіктікті өзгерту 
орындарында бір-бірінен 10 м қашықтықта трасса бойынша 
орналастыратын дөңгелекшелер мен бағыттайтын науалар 
көмегімен астаушаларға салынады. Жүкарба, биіктіктегі жұмысты 
қамтамасыз ететін механизмдер мен жабдықтар (жылжымалы көпір, 
баспалдақ-асырмалы басқыш, телескопиялық мұнара немесе 
гидрокөтергіш) көмегімен кабельдер және сымдар тартылады. 


256 
Қатарлармен сымдар мен кабельдерді астаушаларға төсеу 
биіктікте жұмыс жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін механизмдер 
мен жабдықтар көмегімен жүргізеледі. Бұдан басқа, кабельдерді 
астауша 
борты 
бойынша 
жабдықтардың 
жылжуы 
үшін 
тағайындалған оларда бекітілген екі айналатын дөңгелекшелер мен 
жақтаушадан тұратын 8.20 суретте көрсетілген қарапайым 
жабдықты пайдалана отырып, еденнен астаушаға төсеуге болады. 
Жақтаушаға кесігі бар пластина, ал шарнирдегі пластинаға кабель 
жіберілетін төрт тік және екі көлденең дөңгелекшелер құрылымы 
бекітілген. Пластина кесігі және дөңгелекшемен құрылымды 
бекіткіш арқылы өтетін бұрама көмегімен қажетті қатармен 
астаушаға кабельді төсеу жүзеге асырылады. Мұндай жабдық 
жұмыстың жоғары сапасын және еңбектің қауіпсіз шартын 
қамтамасыз етеді. 
Астаушалардағы 
кабельдер 
мен 
сымдар 
қатарлармен, 
пакеттермен және түйіндермен (8.21 сурет) бірақ келесі талаптарды 
сақтап төселеді: 
түйіндерде сымдар 12 аспауы тиіс және олар бандажбен 
бекітілуі керек; 
трассаның көлденең тік бұрышты учаскелерінде бандаждар 
арасындағы қашықтық 4,5 м артық емес, ал тіктерде 1 м аспауы 
керек. 
8.20. сурет. Астаушада кабельдерді төсеуге арналған жабдықтар 


257 
8.21. сурет. Астаушаға сымдарды төсеудің түрлі әдістері: 
а
— саңылаусыз біррнеше қатармен сымдар мен кабельдер; б 
— тек саңылауы бар түйінмен сымдар; в — саңылаусыз бір 
қатарға кабельдерді; г — сәйкесінше саңылаумен бір қатарға 
кабельдерді; 
д, е
— сымдар түйіндерінен қашықтықта 
сәйкесінше саңылаумен және саңылаусыз бір қатарға 
кабельдерді. 
Кабельдерді бір қатарға төсеген жақсы (саңылаусыз да болады). 
Саңылаусыз кабельдерді түйінмен төсеуге де болады (түйінде екі-
үш қатардан, кейбір жағдайларда арнайы негізделген жобаларда үш 
қабаттан артық). Түйіннің сыртқы диаметрі 100 мм аспауы керек. 
Қорапта кабельдер мен сымдар оларды өздігінен салып, көп 
қабатты етіп төсеуге болады.
Қораптарда төсеу үшін АПВ, АПП, АПН, АПРН, АПРВ, АПРТО 
маркаларының сымдары және АВРГ, АНРГ, АСРГ, АВВГ, АПВГ 
маркаларының кабельдері пайдаланылады. 
Кабельдердің қалыпты салқындатылуын қамтамасыз ету үшін 
бір қораптағы олардың қимасының ауданының сомасы қораптың 
көлденең қимасының ауданының 40% аспауы тиіс. 
Жеке сымдар мен кабельдерді және олардың түйіндерін бекіту 
бұрылыстар мен тармақталу орындарында олардың қақпақтарын 
төмен орналастыру кезінде қораптардың тік учаскелеріне ғана 
жүргізіледі. Бұл кезде бекіту нүктелері арасындағы қашықтық 
қораптың тік орналасуы кезінде 1 м артық, бүйір жағына 
бағытталған қақпақта 3 м артық, қораптың қақпағы төмен 
орналасқан жағдайда 1,5 м артықты құрамауы керек. Электрлік 


258 
қабылдағыштарға тармақталуы иілгіш ендірмелерде, пластмасса 
құбырларда, тесік монтаждалған профильдерде немесе иілгіш 
поливинилхлоридті құбырларда тікелей сымдармен орындалады. 
Қораптардың 
шығыстарындағы 
орындарда 
сымдар 
мен 
кабельдердің оқшаулауыштары В түріндегі пластмасса төлкелерді 
немесе оқшаулауыш лентаның орауыштарын зақымдалудан 
қорғайды. 
Астаушада салынған сымдар мен кабельдер қатаң бекітіледі: 
оларды көлденең орнату кезінде бұрылыстан немесе тармақталудан 
кейін және бұрын 0,5 м арқылы астаушаны тік орнату кезінде 1 м 
арқылы. 
Астаушада сымдар мен кабельдерді түрлі бекіткіш тетіктермен 
бекіту 8.22 суретте көрсетілген. Сымдар түйінін құрсаумен, 
бандаждармен бекітеді немесе ажыратқыш құрсау арасына тесіп 
кіргізеді. Астаушаға салынған сымдар мен кабельдерді жалғау мен 
тармақтауды қатаң бекітілетін қораптар және жәшіктерде немесе 
арнайы оқшауланған қабықшасы бар қысқыштарда жүргізеді. 
Салынған сымдар тармақталған жерлер мен соңдарында 
таңбаланады және қорап бұрандалы қақпақпен жабылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет