255
бекітіледі немесе арқанды аспаларға ілінеді.
Магистраль желісіне өзара жеке секцияларды (көлденең немесе
тік) байланыстырып, қимасы кемінде 40x2 мм болат жолақшамен
кемінде екі бір-бірінен қашықтатылған орындарда қорғаныш
тұйықтау контурына оны қосады. Магистральді әрбір тармақталуы
қосымша соңына жерге тұйықталады. Көп ярусты бірнеше
магистральді параллель төсеген кезде олардың әрқайсысына және
жерге тұйықтау контурына дәнекерленген бір болат жолақпен
орындалады.
Дәнекерленген астауша мен қораптарды жерге тұйықтаушы
өткізгіштер ретінде пайдалануға болады.
Астаушаларды
құрастыру
кезінде барлық
байланыстар
бұрандалы бекіткіш көмегімен жүргізіледі. Тікелей боялған
астаушалардың жалғанған жерлерінде электрлік байланыстың
беріктігі үшін ернеулік гальваникалық жабынға ие болуы керек.
Тікелей боялған астаушалары бар қосымша элементтің электрлік
байланысы тоқтатқыш тығырық не байланыс орнын тазалаумен
қамтамасыз етіледі. Бұрандалы бекіткіштің өздігінен бұралуының
алдын алу үшін серіппелі тығырықтарды пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: