Сіби білім беру


V бөлім. Материалдық және еңбек ресурстарының шығындары



Pdf көрінісі
бет11/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

V бөлім. Материалдық және еңбек ресурстарының шығындары 
нормалары

1.
Материалдар шығыны нормалары. 
2.
Құрылыс бұйымдары, құралдары мен механизмдеріне қажеттілік 
нормалары. 
3.
Жобалық-іздену жұмыстары нормалары және ақысы. 
4.
Құрылыстағы еңбек нормасы және төлемі. 
VI бөлім. Ғимараттар, құрылыстар мен құрылымдарды пайдалану 
және жөндеу 
1. Жалпы нормативті құжаттар 
2. Ғимараттар, құрылыстар мен құрылымдар 
3. Коммуникациялар. 
Ведомстволық нормативті құжаттар 
ҚНжЕ жинағынан басқа құрылыста ведомстволық нормативті құжаттар да 
қолданылады. Олар жобалау, инженерлік ізденістер, құрылыс, құрылысқа 
қажетті құрылымдар, бұйымдар және материалдар өндірісі, сонымен қатар, 
ғимараттар, құрылыстар мен құрылымдарды осы министрлікке қатысты 


23 
(ведомство) халық шаруашылығы саласының сипаттамаларын ескере отырып 
пайдалану талаптарын белгілейді. 
Ведомстволық нормативті құжаттарды Ресейдің ведомстволары мен 
министрліктері оларға берілген құқықтарға сәйкес бекітеді және аталған 
құжаттар министрлік құрамындағы (ведомство) барлық ұйымдар, мекемелер 
мен кәсіпорындар үшін міндетті болады. Ведомстволық нормативті құжаттар 
халық шаруашылығының салаларының аталған министрлік (ведомство) 
басшылық жасайтын ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын және 
жобалауды жүзеге асыратын мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың 
орындауы үшін міндетті болады. 
Ведомстволық нормативті құжаттар негізгі нормативті құжаттарға қайшы 
келмеуі немесе оларды көшірмеуі керек. Ведомстволық нормативті 
құжаттарға 
ведомстволық 
(салалық) 
құрылыс 
нормалары 
(ВҚН), 
ведомстволық технологиялық реттеу нормалары (ТТЖН), сонымен қатар, 
жекелеген сметалық нормативтер жатқызылады. 
Ведомстволық құрылыс нормалары жобалау, инженерлік ізденістер және 
құрылысқа қойылатын талаптарды, сонымен қатар, ғимараттарды құрылыстар 
мен құрылымдарды сипаттамаларын ескере отырып пайдалануды реттейді. 
Бұл құрылыс нормаларын сәйкес министрліктер өздеріне берілген құқық 
шеңберінде бекітеді. 


24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет