25
қабат шегінде өз салмағын қабылдайтын
салмақ түсіретін
болады. Отқа
тұрақты және біреу қабырға
брандмауэром
деп аталады.
Тіреулер
деп жабын мен шатырды (кейде қабырғаларды)
ұстап тұратын
және олардан түскен жүктемені іргетасқа беретін бағандар немесе тіреулерді
айтады.
Жабындар
деп ғимаратты биіктігі бойымен бөлетін құрылымдарды
айтады. Олар қабырғалар мен тіреулердің жүктемелерін қабылдайды және
бұдан басқа ғимараттың кеңістіктік қаттылығын қамтамасыз етеді. Орнату
орнына тәуелді жабындар жертөлелік, қабат
аралық және шатырлық болып
бөлінеді.
Шатыр
ғимараттың немесе құрылыстың оны сыртқы атмосфералық
әсерден қорғайтын сыртқы бөлігі. Шатырдың су өткізбейтін қабатын
қабықша, ал шатыр мен шатыр жабыны арасындағы кеңістіктікті шатыр асты
деп атайды. Қазіргі құрылыста шатыр астын көбінесе шатырмен біріктіреді.
Қалқалар – қабаттарды жеке бөлмелерге бөлетін ішкі қабырғалар. Олар да
қабырғалар секілді салмақ түсірмейтін, салмақ түсіретін болып қабылдайтын
жүктемесінің сипатына байланысты жіктеледі.
Баспалдақтар -
қабаттар арасындағы қатынасу үшін арналады және
негізінен қабырғалармен қоршалған бөлмелерде – баспалдақ аралықтарында
орналасады.
Терезелер
ғимаратты табиғи жарықтандыруға
және оларды желдетуге
арналады. Егер ғимаратты жарықтандыру немесе желдету үшін терезелер
жеткіліксіз болса (сурет галереясы немесе өндірісі шаңды цехтер),
жабындарға шамдар – шыныланған жылжымалы жақтаулары бар үлкен
ойықтар жасалады.
Есіктер
бөлмелер арасында қатынасуға (ішкі) немесе бөлмелер мен
сыртқы кеңістік арасындағы (сыртқы) қатынасуға арналған түрде болады.
Өнеркәсіптік, қойма және басқа да ғимараттарда құрылғылар мен
материалдарды жеткізу үшін қақпалар қарастырылады.
Ғимараттың құрамына сонымен қатар басқа – балкон, кіреберіс және т.б.
енеді.
Ғимараттар
мен
құрылыстарды
жобалау
барысында
жасанды
жарықтандыру мен жылыту, желдету,
ауаны кондициялау, газбен қамту,
ыстық және суық сумен қамту, кәріз және т.б. мақсатта әр түрлі санитарлық-
техникалық құрылғылар қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: