Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет152/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

10.6.
 
Сымдарды тарату 
Электрлік машиналар, аспаптар және құрылғылардың түйісулеріне 
сымдарды дұрыс қосу үшін олардың таратылуын іске асырады.


353 
10.18 сурет. Сымдарды тарату сызбасы:
а, б
— шамның көмегімен; 
в
— телефон 
тұтқасының көмегімен; г — арнайы 
трансформаторды қолданумен.
Қарапайым тарату шам және батареяның көмегімен орындалады 
(10.18, а суреті), яғни, сымның бір ұшындағы желілер (суретте – сол 
жақтағы) бос түрде таңбалайды және олардың біріншісіне 
батареядан келетін сымды қосады. Одан кейін, шамға өткізгішті 
жалғайды және онымен кезектесіп сымның басқа ұшындағы 
желілеріне жанасады. Егер жанасу кезінде шам жанатын болса, онда 
ол батареядан жалғанып отырған сымның желісі екендігін білдіреді.
Сонымен қатар таратужы сымның екі ұшын біріктіретін 
өткізгішсіз де орындауға болады (10.18, б суреті). Мегомметрді 
қолдана отырып таратудың үдерісі де осыған ұқұсас болып келеді, 
егер ол бір желіге қатысты ұштарға жалғанған болса, онда оның 
тетігі нөлді көрсететін болады.
Қарастырылған таратудың әдістері сымның екі ұшы да бір-
бірінен алшақ орналаспаған және оны бір адам орындай алатын 
жағдайда өте қолайлы болып табылады. Егер сымның ұзын 
кескінінің ұштары ғимараттың әртүрлі бөлмелерінде немесе әртүрлі 
үй-жайларда орналасатын болса, онда екі телефон тұтқасы арқылы 
таратудың әмбебап тәсілі қолданылады (10.18, в суреті). Ол үшін 
тұтқалардағы телефон және мирофон капсюлдерін кезектесе 
отырып жалғайды, және осы тізбекке құрғақ элементті немесе 1-2В 
кернеуі бар аккумуляторды қосады. Берілген әдіс монтерлардың 
телефон бойынша бір-бірлерімен сөйлесе отырып, өз әрекеттерін 
келістіре алатындарымен өте 
қолайлы. Монтер сымның бір 
ұшында тұтқаның бір өткізгішін 
сымның қабығына, ал екіншісін 
– оның кез-келген желісіне 
жалғайды. 
Сымның 
басқа 
ұшында 
екінші 
жұмысшы 
тұтқаның бір өткізгішін сымның 
қабығына, ал басқа ұшын – оның 
желілеріне кезектесе отырып 
жалғайды. Егер тұтқада шерту 
пайда болса, және монтерлар 
бір-бірлерін естісе, онда ол тұтқа 
өткізгіштері сымның бір желісіне 
қосылғандығын білдіреді.
Кейбір 
жағдайларда 
тарату 
екінші ораудан бірнеше бұрылысы 
бар арнайы трансформатордың 
көмегімен орындалады (10.18, г 
суреті).


354 
Ол жағдайда ораманың бастамасын сымның жерге тұйықталған 
қабықтарына, ал бұрылыстарды – оның желілеріне қосады. Одан әрі 
әрбір желіге берілген кернеуді жазып алады. Сымның қарама-қарсы 
ұшында желі және қабық арасындағы кернеуді өлшей отырып және 
кернеудің жазып алынған мәндерін қолдана отырып, ұштарының 
анықталған бір желіге қатысын анықтап алып, таңбалауды 
орындауға болады.
Күштік сымдардың желілерін таңбалау үшін винил 
тұтқаларының кескіндерін немесе арнайы ұштауларды қолданады, 
оларда майланбайтын сиямен жазба үдерісін орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет