352
5 қабырға текшесінің плиталарында ойықтар (терезелер), ал 2
кронштейн артқы ілмектерінде және 4 сым аспалы қапсырмаларында –
бунақты ойықтар (Т-тәрізді пішінді), олардың көмегімен олар бір-бірлеріне
бекітіледі. Кронштейнде 20 х 10 мм өлшемді сопақша ойықтар бар, олар
сым торабының трассасын өзгерту орындарында сымды текшеге бекітуге
қызмет атқарады, мысалы, бір көлдеңен белгісінен екіншісіне көшкен
немесе бұрылған кезде. Тіреулер мен қабырға плиталарын құрылыс
монтаждау пистолетінен дюбелмен қағылатын қамытпен (немесе онсыз)
бетон және кірпіш беттеріне бекітеді.
Қарастырылған тіреу сым құрастырылымдары құрғақ, сонымен қатар
ылғалды ғимараттарда сым тораптарын тарту кезінде қолданылады.
Коррозиядан сақтау үшін металды тіреу құрастырылымдарын ылғалға
төзімді бояудың екі қабатымен сылайды.
Құрғақ ғимараттарда сауытсыз сымдарды тарту кезінде тіреу
құрастырылымдары ретінде науалар қызмет атқарады. Өндірістік
цехтардың, машина залдарының және оларға ұқсас ғимараттардың кірпіш
және бетон қабырғалары бойымен науаларды биіктігі 2 м кем
болмайтындай етіп тартады.
Науаларды тарту және оларға сымдарды тартудың әртүрлі амал-
тәселдері 8.19 суретте көрсетілген.
Науалар бір-бірінен айтарлықтай алшақ орналасқан, кем дегенде екі
орында жерге тұйықталады. Оған тәуелсіз түрде әрбір науаның саңылауы
ұшында қосымша жерге тұйықталады. Науаларды өзара жалғастыру
кезінде электрлік үзілмелі тізбек қалыптастырылуы шарт.
Ажыратқыш аралықтың құрылғыларынсыз, бірақ түйін немесе
пакеттер арасында 20 мм ойықпен бір науада бір агрегаттың барлық
күштік тізбегін, сонымен қатар бірнеше машиналардың күштік және
бақылаулы тізбектерін, бір технологиялық үдерістің панелдердің және
қалқандарын тартуға рұқсат етілген.
Сымдардың науаларында басқа тізбектердің сымдарымен бірге күштік
тоғының бақылаулы, жарықтандыру және күштік тізбектерін (мысалы,
дабылдағыш, алшақтан басқару) бірлесе отырып тарту осы тізбектердің
әрқайсысын болат ажыратқыштарымен немесе ажыратқыш құрсауларымен
ажырату кезінде ғана рұқсат етіледі.
Науада
тартылатын
сымдар
арнайы
науада
орнатылатын
жалғастырғыштармен жалғанады. Науалар бойымен тартылатын сымдарды
ажырату, сонымен қатар, оларды жалғау мен ақырғы өңдеу жұмыстары
жерде тартылатын сымдар үдерісіне ұқсас тәртіпте орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: